Семейде мектеп мұғалімі сегізінші сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді. Алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстазы қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Информбюро мәліметінше, 32 жастағы педагог мектепте екі жыл жұмыс істеп келеді. Әріптестері мұғалімнің тек жақсы қырынан көрінгенін айтты. Тіпті, сабақтан тыс уақытта балалармен жиі түрлі шаралар өткізетін деп отыр. Оқушылары қалалық жарыстарға қатыстырып, жүлделі орындарға ие болғанын да атап өтті.
Жәбірленуші қыз сегізінші сыныпта оқиды. Ол қазір сабаққа келіп жүр дейді мамандар. Аталған жағдай бойынша қазіргі уақытта құзырлы органдар тиісті зерттеу-тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта ұстаз уақытша ұстау изоляторында.