Жамбыл облыстық сотында есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз тасымалдаған 58 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады.
Жамбыл соттарының мәліметінше, 2023 жылы сотталушы Меркі ауданы Ақжол ауылының маңында жабайы өсіп тұрған есірткіні жинап, сатқан. Ер адам 2024 жылдың сәуірінде ұсталды. Тінту жүргізу кезінде сотталушының Фольксваген Туарег жеке көлігінен және тұрғылықты жері бойынша салмағы 19,4 кг аса гашиш пен 22 кг марихуана есірткі заттары табылды.
58 жастағы ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды.