Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Зерттеу

Ыдырыс Ноғаев, адвокат: Арыстанбек Мұхамедиұлы аштық жариялағанын өз аузымен айтты

Күні кеше бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының әлеуметтік желідегі жеке парақшасында аштық жариялағаны туралы ақпарат тараған еді.

Жандос Жантаев
11 Ақпан, 2025
Зерттеу
A A
Ыдырыс Ноғаев, адвокат:  Арыстанбек Мұхамедиұлы аштық жариялағанын өз аузымен айтты
WhatsappTelegram

Күні кеше бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының әлеуметтік желідегі жеке парақшасында аштық жариялағаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда, бүгін Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мұны жоққа шығарды. Кімдікі рас, кімдікі жалған? Мұны экс-министдің адвокаты Ыдырыс Ноғаевтан сұрадық.

– Ыдырыс, кеше экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы әлеуметтік желідегі парақшасында аштық жариялағанын мәлімдеген еді. Алайда, бүгін Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті «Сотталушының аштық жариялауы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол тамағын ішіп жүр…» деді. Ол кісінің құқығын қорғаушы ретінде анық-қанығын білетін шығарсыз?

– Мен кеше Арыстанбек Мұхамедиұлына барып, жолықтым. Сол кезде екеуміз ғана отырғанда: «Үш күннен бері аштық жарияладым. №1 түзеу мекемесінің басшысын да хабардар еттім», – деді. Бірақ тамақтанып жатыр ма, жоқ па, білмеймін. Алайда, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті дұрыс ақпарат берген жоқ. Неге десеңіз, Мұхамедиұлы өз сөзінде «Тізерлеп өмір сүргенше, тік тұрып өлген артық». Түрме мекемесінің бастығына кіріп, аштық жариялайтыны туралы алдын ала ескерттім», – деген болатын.

– Ол әлеуметтік желідегі парақшасын өзі қолдана алмайды ғой, солай емес пе? Әлде, Мұхамедиұлының атынан басқа адам сала ма?

– Бәлкім, бір жақын адамы шығар. Ол жағын білмеймін. Бірақ мен кеше Арыстанбек Мұхамедиұлының айтқанын жұбайы мен ұлы Димашқа айтып, аштық жариялағаны туралы парақшасына салуды сұрағанын жеткіздім. Содан кейін жақынының бірі салған шығар. Ал бірақ ол әлеуметтік желіні өзі қолдана алмайды.

– Бірақ қолжазбаны өзі жазып, сізден беріп жіберді ме?

– Ол жағын айта алмаймын. Әлеуметтік желіге салған қолжазбаны өзі жазды ма, жоқ па, білмеймін. Бірақ оның қолжазбасын өз бетіммен түзеу мекемесінен алып шыға алмаймын. Оған құқым да жоқ. Ол кез келген затын мекеме әкімшілігіне көрсетіп, тіркетіп, содан кейін ғана беріп жібере алады.

– Экс-министр былтыр да ақпан айында аштық жариялаған еді. Биыл да ақпан айында қайталап тұр. Ол мұнымен не дәлелдегісі, не айтқысы келеді?  

– Былтыр мен оның адвокаты болған жоқпын. Соңғы бір жарым айда ғана құқық қорғаушы қызметіне кірістім. Оның бір айтқысы келетіні бар деп ойлаймын. Бас прокуратураға үндеу жасады. Бұған дейін президент Қ.Тоқаевқа ашық хат жолдаған еді. Менің түсінгенімше, ол сот шешіміне риза емес.

Тегтер: арыстанбек мухамедиулыАштық жариялауБасты жаңалықтарБасты оқиғаларҚылмыстық-атқару жүйесі комитетіЫдырыс Ноғаев
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
«Семей орманы» аумағындағы құнды орман телімдеріне кіру ақшаға сатылған

«Семей орманы» аумағындағы құнды орман телімдеріне кіру ақшаға сатылған

Жандос Жантаев
2 Қазан, 2026

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында заңсыз ағаш кесу мен оны сатуға байланысты ықтимал жемқорлық схемасы тергеліп...

Қазақстандықтар Ресейге алдап әкетіліп, соғысқа жіберілгелі жатқанын мәлімдеді

Қазақстандықтар Ресейге алдап әкетіліп, соғысқа жіберілгелі жатқанын мәлімдеді

Жандос Жантаев
2 Қазан, 2026

Бір топ Қазақстан азаматы Ресейге жұмыс істеуге барғанын, алайда құжаттарға қол қойғаннан кейін соғыс аймағына жіберілетіні айтылғанын...

Ұлытауда 950 млн теңгенің марганец кенін заңсыз өндіру тоқтатылды

Ұлытауда 950 млн теңгенің марганец кенін заңсыз өндіру тоқтатылды

Жандос Жантаев
2 Қазан, 2026

Ұлытау облысында Қаражал қаласындағы «Восточный» карьерінде марганец кенін заңсыз өндірумен айналысты деген күдікке ілінген топтың әрекеті тоқтатылды....

Алматыда жалдамалы тұрғын үйді заңсыз берудің 172 дерегі анықталды

Алматыда жалдамалы тұрғын үйді заңсыз берудің 172 дерегі анықталды

Жандос Жантаев
30 Қыркүйек, 2026

Алматыда жыл басынан бері коммуналдық жалдамалы тұрғын үйді үшінші тұлғаларға заңсыз берудің 172 дерегі анықталды. Kazinform агенттігінің...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz