Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Спорт

Назым Қызайбай – үш дүркін әлем чемпионы

Жандос Жантаев
17 Наурыз, 2025
Спорт
A A
Назым Қызайбай – үш дүркін әлем чемпионы
WhatsappTelegram

Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында Назым Қызайбай жеңімпаз атанды. Қазақстандық боксшы 48 келіге дейінгі салмақта ресейлік Юлия Чумгалаковадан үш раунд бойы айласын асырды, деп хабарлады olympic.kz.

Төрешілер жеңісті бірауыздан Назымға берді – 5:0.

Осылайша, Назым Қызайбай қазақстандық боксшылардан алғаш рет үш дүркін әлем чемпионы атанып, тарихқа енді. Бұған дейін ерлер арасында да ешкім мұндай табысқа жеткен емес.

Бұдан бұрын Назым әлем біріншілігінде 2014 және 2016 жылдары топ жарған еді. Сондай-ақ ол 2021 жылы Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасында қола жүлдеге қол жеткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады.

«Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік!

Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін», – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.

Тегтер: Әлем чемпионатыБасты жаңалықтарБасты оқиғаларбоксНазым ҚызайбайСербия
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Два золота и два рекорда: казахстанцы отличились на Азиатских Параиграх

Екі алтын, екі рекорд: Қазақстан спортшылары Азия Пара ойындарында топ жарды

Жандос Жантаев
19 Қазан, 2026

Дана Альсеитова: Жапонияның Айти өңірі мен Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы екі...

Төрехан Сабырхан Қазақстанға бокстан 12 жылдан кейін Азиада алтынын әкелді

Төрехан Сабырхан Қазақстанға бокстан 12 жылдан кейін Азиада алтынын әкелді

Жандос Жантаев
2 Қазан, 2026

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Сабырхан Иордания өкілі Зейяд Ишаишпен кездесті. Қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыз шешімімен...

Елдос Сметов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Елдос Сметов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Жандос Жантаев
30 Қыркүйек, 2026

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Сметов жапониялық Хаято Кондомен кездесті. Шешуші белдесуде Жапония өкілі жеңіске жетіп,...

Қазақстанда өтетін болашақ FIA жарыстары Боракайдағы конгресте талқыланды

Қазақстанда өтетін болашақ FIA жарыстары Боракайдағы конгресте талқыланды

Жандос Жантаев
30 Қыркүйек, 2026

Боракайда СТК «Сокол» басшылығының атынан Дастан Ибрагимов FIA президенті Мохаммед Бен Сулайеммен кездесті. Тараптар Қазақстанда FIA аясында...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz