Астаналық жігіт Ақмолада алаяқтық схеманы жүргізгені үшін ұсталды

Ақмола облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан 18 жастағы елорда тұрғыны ұсталды. Ол студенттерді “дроппер” ретінде пайдаланып, олардың атына банктік шоттар ашқызып, сол арқылы түскен қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

Көкшетау тұрғынына өзін Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырған алаяқтар 5 миллион теңгеден астам қаржыны алдап аудартқан. Тергеу барысында күдіктінің Астанада пәтер жалдап, заңсыз ақша айналымын ұйымдастырғаны анықталды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Онымен байланысы бар тұлғаларды анықтау жұмыстары жалғасуда.