Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Билік

Шеңгелдіге газ тарту жобасы дайындалуда

Жандос Жантаев
12 Тамыз, 2025
Билік
A A
Шеңгелдіге газ тарту жобасы дайындалуда
WhatsappTelegram

Бұл туралы ауыл халқымен кездескен Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов айтты.

Тұрғындармен кездесу барысында шаһар басшысы бірқатар келелі мәселеге тоқталды. Оның ішінде ең өзектілері инфрақұрылымды дамытуға, қолайлы орта қалыптастыруға байланысты болды.

Әкімнің сөзінше, Кербұлақ ауылында екі спорт алаңы жөндеуден өтіп, біреуі жаңадан салынуда.

«Қаланың Кешенді даму жоспарына сәйкес, барлық ауылдарда көше жарығын орнату бойынша жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Бұдан бөлек, Шеңгелдіде трансформаторлық қосалқы станция қойып, 3 шақырым электр желісін жаңадан тарту жоспарлануда. Бұл жоба 6 көшені қамтиды», – деді Асхат Бердіханов.

Ауыз су мәселесіне келсек, әкім «Шеңгелді топтық су жүйесін қайта жаңғырту және құрылысы» жобасы дайындалып жатқанын атап өтті. Жобада жаңадан бөлінген жер учаскелеріне ауыз су тарту да қарастырылған.

«Халықты көгілдір отынмен қамту мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Біріншіден, автоматтандырылған газ тарату станциясын салу жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға тапсырылды. Екіншіден, елдімекендерге газ тарту жобасы әзірлене бастады. Құрылыс жұмыстары қаржы қарастырылған жағдайда алдағы үш жылда аяқталады деп күтілуде», – деді шаһар басшысы.

Сондай-ақ ол жол-көлік инфрақұрылымы, су тасқынының алдын алу, ауыл шаруашылығы секілді салаларға тоқталып өтті.

Ал тұрғындар тарапынан жолдың сапасы, балалар алаңын жөндеу және өрт сөндіру бөлімшесін салу сұрақтары көтерілді. Бұл бойынша тиісті бөлім басшыларына тапсырма берілді.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларгаз тартуШеңгелді
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратында жаңа тағайындаулар болды

Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратында жаңа тағайындаулар болды

Жандос Жантаев
19 Қазан, 2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының екі құрылымдық бөлімшесіне жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды...

Токаев принял вице-президента Ерлана Карина и дал новые поручения

Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдап, жаңа тапсырмалар берді

Жандос Жантаев
14 Қазан, 2026

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады. Кездесу барысында мемлекет басшысы ішкі саясаттың басым бағыттары мен...

Бектенов ауқатты көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік көмекті қайта қарауды ұсынды

Бектенов ауқатты көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік көмекті қайта қарауды ұсынды

Жандос Жантаев
14 Қазан, 2026

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов көпбалалы отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін қайта қарау қажет деп есептейді. Оның пікірінше,...

Қазақстанда 500 мыңнан астам адам ауқатты және бай азаматтар санатына жатқызылды

Қазақстанда 500 мыңнан астам адам ауқатты және бай азаматтар санатына жатқызылды

Жандос Жантаев
14 Қазан, 2026

Қазақстанда шамамен 522 мың адам халықтың әл-ауқаты ең жоғары екі санатына енгізілген. Олардың 70 мыңнан астамының тұрмыс...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz