Сайт ережелері

Ақпаратты пайдалану ережелері

  1. Сайттағы кез келген ақпаратты пайдалану ҚР-ның қолданыстағы заңының шеңберінде жүзеге асырылады.
  2. Мәліметті басқа желіде немесе сайттарда жариялау кезінде тілшілер, өзге де желі қолданушылары дереккөз ретінде жарияланымға сілтеме жасауы тиіс:
    ақпаратты материалды түрде (қағаз, баннер, афиша, фотоқағаз және т.б.) пайдалануда «Дереккөз: Sona.kz» деп көрсетілуі қажет;
    ақпаратты электронды күйде (интернет-сайт, электронды файл және т.б.) пайдалануда «Sona.kz» сайтының басты бетіне гиперсілтеме қойылуы тиіс;
    мәліметті басылымда жариялау барысында Ақпарат иесі мен жарияланым шыққан күн белгіленуі керек;
    радио-, теле-, видео контенттерде, кинохроникалық бағдарламаларда Ақпарат иесінің атауын айту қажет.
  3. Мәліметті Ақпарат иесіне сілтеме жасалған екінші дереккөзден алу бастапқы сілтемені көрсету кезінде ғана мүмкін болады.
  4. Осы бөлімде қарастырылған сілтемелер мен гиперсілтемелер орналастырылуы тиіс:

мәтіндік ақпаратты пайдалануда – қолданылған ақпараттың басында;
графикалық ақпаратты пайдалануда – фото, видеоның төменгі жағында;
сілтеме немесе гиперсілтеме қаріпінің өлшемі екінші пайдаланушы жазған мәтіннің қаріпінен немесе графикалық ақпаратпен бірге жүретін мәтіннің қаріпінен кіші болмауы керек;
ақпаратты пайдалану кезінде мәтінді қысқартуға болады. Алайда, түпкі мағынасы өзгермеуі тиіс. Ақпарат иесінің келісімінсіз пайдаланылған деректерді өңдеуге рұқсат етілмейді және заңмен қудаланады.