Костанай облысының полицейлері есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткізген «Қарасора – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 47 жастағы қала тұрғынынан шамамен 1 келі гашиш тәркіледі, деп хабарлайды Sona.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдікті Костанай қаласындағы гараж массивтерінің бірінде ұсталған. Тінту барысында полицейлер күдіктіден өсімдік тектес, өзіне тән иісі бар жасыл түсті зат салынған түйіншектерді тапты.
Кейін дәл сондай түйіншектер оның пайдаланған гаражынан да табылған. Сот-химиялық сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың гашиш екені және жалпы салмағы шамамен 1 келіні құрайтыны анықталды.
Медициналық тексеру кезінде ер адамның ағзасынан есірткі қолдану іздері де табылған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы («Есірткі заттарын аса ірі көлемде заңсыз сақтау») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция есірткі заттарын заңсыз сақтау және тарату үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады.









