Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

111 сенім телефонына 44 қоңырау түскен

Қонаевта балалардың құқығын қорғау және жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу мақсатында жиын өтті.

Дана Альсеитова
10 ноября, 2025
Қоғам
A A
111 сенім телефонына 44 қоңырау түскен
WhatsappTelegram

Жиында сөз алған Алматы облыстық балалар құқығы жөніндегі уәкіл Айгүл Есімбекова «Ата-аналар университетінің» жұмысы жөнінде түсіндірді.

«Біз күнделікті түрлі қиындықтарға ұшырап, түрлі өмірлік жағдайларда өмір сүріп жатқан отбасылармен жұмыс істейміз. Алматы облысы бойынша жасөспірімдердің суицид жасау дерегі азайғанымен, мәселе түбегейлі шешілген жоқ. Қазіргі таңда кез келген мектепте сенім телефондары көрсетілген тақтайшалар ілінген. Оған қоса, елімізде «Ата-аналар университеті» құрылған», — деді маман.

Уәкілдің сөзіне сүйенсек, өз-өзіне қол жұмсаған балалардың 90 пайызы ата-анасымен ұрысқаннан кейін осындай қадамға барған.

«Ата-аналар университеті» арқылы жаға ұстатарлық ситуациялардың алдын алуға болады. Бұл университет «Жанұя отбасын қолдау орталығы» қоғамдық қорының базасында құрылды. Мұнда әр отбасы мүшесіне тегін құқықтық, психологиялық көмек беріледі. Бірнеше жылдық тәжірибесі бар гештальт-терапевттер де қызмет етуде», — деді Айгүл Есімбекова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Алматы облысы бойынша әйелдер және балалардың құқығын қорғау мәселелері бойынша 111 сенім телефонына 44 қоңырау түсіп, олардың әрқайсына жекелеген қолдаулар көрсетілген. Бұдан бөлек, Қонаевтағы «Жанұя» отбасын қолдау орталығының көмегіне 200 адам жүгінген.

Ал полиция басқармасының өкілдері буллинг жайында сөз қозғады.

«Бұрын буллингке аса мән берілмейтін. Цифрлық технологиялардың дамуына байланысты Қазақстанда кибербуллинг белең алып, білім ошақтарында буллинг көрсету проблемасы жаңа сипатқа ие болды. Оқушылардың психологиялық мінез-құлқына зиян келтірмеу мақсатында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне 127-2-бабы енгізілді. Бұл бапқа сай, Кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг) – ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді», — деді маман.

Сондай-ақ басқосуда кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықты азайту сұрағы да талқыланды.

Тегтер: 111Басты жаңалықтарБасты оқиғаларжасөспірімдерҚонаевқоңырау
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Қонаевта тұрғындарды әлеуметтік қолдауға 150 млн теңгеден астам қаражат бағытталды

Қонаевта тұрғындарды әлеуметтік қолдауға 150 млн теңгеден астам қаражат бағытталды

Дана Альсеитова
14 января, 2026

2025 жылы Қонаев қаласында әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарды қолдауға бағытталған ауқымды шаралар кешені жүзеге асырылды. Мыңдаған азаматты...

Шымкенттегі Magnum дүкенінде күріштің ішінен мысықтың нәжісі табылды

Шымкенттегі Magnum дүкенінде күріштің ішінен мысықтың нәжісі табылды

Дана Альсеитова
9 января, 2026

Шымкент қаласындағы Magnum сауда желісіне қарасты дүкендердің бірінде қоғам назарын аудартқан оқиға тіркелді. Әлеуметтік желілерде дүкендегі күріш...

Ғалымдар дің жасушаларын трансплантациялағаннан кейін науқастың ағзасынан АИТВ жоғалғанын хабарлады

Ғалымдар дің жасушаларын трансплантациялағаннан кейін науқастың ағзасынан АИТВ жоғалғанын хабарлады

Дана Альсеитова
4 декабря, 2025

Халықаралық ғалымдар тобы ерекше медициналық жағдайды тіркеді: дің жасушаларын трансплантациялағаннан кейін ер адамның ағзасынан АИТВ толық жоғалған....

Қоғамдық орындарда никабқа тыйым: жаңа талаптар күшіне енді

Қоғамдық орындарда никабқа тыйым: жаңа талаптар күшіне енді

Дана Альсеитова
3 декабря, 2025

Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-әлпетті толығымен жабатын киім киюге қатысты тәртіп күшейтілді. Ережелерге сәйкес, никаб немесе бетті тануға...

Қатысты жаңалықтар

eGov-тағы үйірме деректері ата-аналар арасында сұрақ туғызды

eGov-тағы үйірме деректері ата-аналар арасында сұрақ туғызды

4 февраля, 2026
Қазақстанда шағын бизнеске салық өсімпұлы мен айыппұлдар кешіріледі

Қазақстанда шағын бизнеске салық өсімпұлы мен айыппұлдар кешіріледі

4 февраля, 2026
Қандай жағдайда банк шоттары бойынша операциялар тоқтатылады

Қандай жағдайда банк шоттары бойынша операциялар тоқтатылады

4 февраля, 2026
Подозреваемых в убийстве судьи Айгуль Сайлыбаевой обнаружили в Москве

Судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты Александр Донцов пікір білдірді

4 февраля, 2026
2026 жылдан бастап салық қарызы бар азаматтардың шоттары бұғатталады

2026 жылдан бастап салық қарызы бар азаматтардың шоттары бұғатталады

4 февраля, 2026
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz