Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігі жабылуына байланысты бірқатар тұрақты және чартерлік рейстердің бағыты өзгеретінін хабарлады, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Тасымалдаушының мәліметінше, Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Медина бағытындағы рейстер уақытша Иран аумағын айналып өтіп орындалады.
Әуе компаниясы жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отырғанын және жолаушыларды рейстердің мәртебесін алдын ала тексеруге шақырады. Ұшу және қону уақыттарында өзгерістер болуы мүмкін.
Қосымша ақпаратты брондау және ақпарат орталықтарынан, сондай-ақ қолдау қызметінің байланыс арналары арқылы алуға болады.
Бұған дейін Иран билігі барлық азаматтық әуе рейстері үшін әуе кеңістігін толық жапқан. Елде халықаралық ахуалдың ушығуына және АҚШ-тың ықтимал араласуына байланысты әскери дайындық деңгейі арттырылғаны хабарланған.









