Астана қаласының тұрғыны сталкинг фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Қалалық прокуратураның мәліметінше, ер адам алты ай бойы әйелдің қарым-қатынастан бас тартуын елемеген.
Жәбірленуші оны барлық мессенджерлерде бұғаттағанына және қорғау нұсқамасы болғанына қарамастан, күдікті қудалауды тоқтатпаған.
Ол әйелді үйінде және жұмыс орнында аңдып, оның келісімінсіз бейнежазбаға түсірген.
Сот ер адамды кінәлі деп танып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту және моральдық зиянды өтеу жазасын тағайындады.
Сонымен қатар сот оның бұрынғы жаза. Бостандығын шектеу талаптарын бұзғанын ескерді.
Осыған байланысты өтелмеген жаза бөлігі нақты бас бостандығынан айырумен ауыстырылды.
Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.









