Қазақстандық әзілкеш, КВН «Астана» командасының капитаны Данияр Джумадилов YouTube-тағы Карен Адамян жүргізетін «50 вопросов» арнасына берген сұхбатында Нурлан Сабуровтың Қазақстандағы ықтимал болашағы туралы пікір білдірді. Бұл туралы Sona.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
Сұхбат барысында жүргізуші Сабуров елде қалса, отандық юмор индустриясына қандай өзгеріс әкелуі мүмкін екенін сұрады. Сондай-ақ екі әзілкеш арасында бәсекелестік бар-жоғы туралы мәселе көтерілді.
Жұмаділовтің айтуынша, әріптесінің ықтимал шешімі сала дамуына оң әсер етуі мүмкін. Ол Сабуровтың қай жерде өнер көрсетсе де, көрермен қызығушылығы арта түсетінін атап өтті.
«Нұрланды білемін, қазір ол қай жерде пайда болса да, бум болады. Ешқандай бәсекелестік жоқ. Ол ең мықты», — деді Жұмаділов.
6 ақпанда Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны белгілі болды. Шешім ұлттық қауіпсіздік мүддесіне байланысты қабылданғаны хабарланды. Әзілкеш Мәскеудегі Внуково әуежайында Дубайдан оралғаннан кейін ұсталған.
Ақпаратқа сәйкес, ол тегін депортациядан бас тартып, Қазақстанға билет сатып алған. 7 ақпанда таңертең Алматыға ұшып келген.
Оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде комиктің «СВО» деп аталатын операцияға қатысушыларға питбайк табыстаған видеосы тарады. Бұл мәселеге қатысты Сабуровтың ресми түсініктемесі жарияланған жоқ.









