Көктемнің алғашқы жарысына 40 автокөлік қатысып, жүргізушілер кәсіби шеберліктерін, жылдамдық пен дәлдікке негізделген дрифт техникасын көрсетті. Жарыс барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынап, ең мықты жүргізушілер анықталды.
Жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын –Петр Бородин,
2 орын –Евгений Васькин.
Жарыс жеңімпаздары азаматтық белсенділік танытып, референдумға қатысты.
«Дрифт-шоу Қонаевтағы ең әсерлі көріністердің біріне айналды. АСП аренада түрлі мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылып жүр. Оған алыс-жақын шетелдерден келетін спортсүйер қауымды қоса есептегенде, мыңдаған көрермен жиналуда. Қаламыздың спорт саласы дамып жатқанына өте қуаныштымыз. Биылғы дрифт-шоу референдумға тұспа-тұс келді. Біз өз еліміздің азаматтары ретінде дауыс беріп, таңдауымызды жасадық», − деді Петр Бородин.
Аталған жарыс Қонаев қаласында автоспорт мәдениетін дамытуға, жастар арасында техникалық спорт түрлерін насихаттауға және өңірдің спорттық-туристік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.
Көшпенділер қалашығында» экопарк пайда болды: 500 ағаш егілді
«Таза Қазақстан» акциясының шеңберінде Қонаев қаласын көгалдандыру жалғасуда. Өткен сенбілікте «Барыс» экопаркінің негізі қаланып, 250 ағаш егілсе,...









