Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Спорт

600 доп, күш шоуы және болашақ чемпиондар: Қонаевта тарихи дода басталды

Жандос Жантаев
4 Сәуір, 2026
Спорт
A A
600 доп, күш шоуы және болашақ чемпиондар: Қонаевта тарихи дода басталды
WhatsappTelegram

Қонаев қаласында мектеп оқушылары арасында алғаш рет «Болашақ чемпиондар лигасы» атты спорт додасы бастау алды. Жас спортшыларды біріктірген бұл жарыс футбол, волейбол және баскетбол спорт түрлерін қамтып, алдағы екі ай бойы жалғасады.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі ерекше форматта өтті. Спортшылар шеруі, акробатикалық қойылымдар мен әсерлі шоу қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов жас спортшыларға сәттілік тіледі.

«Бұл жарыс – жай ғана бәсеке емес. Бұл – достықтың, табандылықтың және жеңіске деген жігердің алаңы. Бүгінгі алаңда жүрген әрбір жас спортшы – ертеңгі ел мақтанышы, болашақ чемпион. Қалада бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді және мұндай жобалар жас буынға үлкен серпін береді», – деді қала әкімі.

Шара барысында қала әкімдігі тарапынан жас спортшыларға қолдау ретінде 600 дана доп тарту етілді.

Кештің шарықтау сәтінде көрермендер ерекше шоуға куә болды. Әскери қызметтегі қала тұрғыны Айдар Тезеков күш өнерін көрсетіп, шегені ағашқа қолмен қағып, гір тасының үстінде жаттығу жасап, көпшілікті таңғалдырды. Тұрғынға спортқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру жолындағы еңбегі үшін қала әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Салтанатты рәсім барысында «Болашақ чемпиондар лигасының» кубогі ретрокөлікпен сахнаға шығарылып, жарыс ресми түрде ашық деп жарияланды.

Аталған дода жас спортшыларға өз мүмкіндігін көрсетуге, тәжірибе жинауға және үлкен спортқа қадам жасауға жол ашпақ.

Тегтер: 600 допБасты жаңалықтарБасты оқиғаларҚонаев
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Награждены победители Всемирных игр кочевников

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері марапатталды

Жандос Жантаев
16 Қыркүйек, 2026

Алматы облысының әкімі Шыңғыс Арынов спортшылар мен жаттықтырушыларға жоғары нәтижелері және ел намысын халықаралық аренада лайықты қорғағаны...

Рыбакинадан жеңілген соң ракеткасын сындырған Соболенкоға айыппұл салынды

Рыбакинадан жеңілген соң ракеткасын сындырған Соболенкоға айыппұл салынды

Жандос Жантаев
15 Қыркүйек, 2026

US Open финалында қазақстандық Елена Рыбакинадан жеңілген Арина Соболенкоға 7,5 мың доллар айыппұл салынды. Турнирдің жарияланған тәртіптік...

Асхат Бердіханов VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазына 1 миллион теңге сыйға тартты

Асхат Бердіханов VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазына 1 миллион теңге сыйға тартты

Жандос Жантаев
15 Қыркүйек, 2026

Қонаев қаласының тұрғыны Данил Устинов Қырғыз елінде өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қол күрестен алтын жеңіп алды....

25 елден 150-ге жуық спортшы: Алматыда Денис Тен мемориалы өтеді

25 елден 150-ге жуық спортшы: Алматыда Денис Тен мемориалы өтеді

Жандос Жантаев
14 Қыркүйек, 2026

7-10 қазан аралығында Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне арналған Denis Ten Memorial Challenge 2026 халықаралық...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz