Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Спорт

Рыбакинадан жеңілген соң ракеткасын сындырған Соболенкоға айыппұл салынды

Беларусь теннисшісі US Open финалынан кейін ракетка мен спорттық жабдықты пайдалану ережесін бұзғаны үшін жазаланды

Жандос Жантаев
15 Қыркүйек, 2026
Спорт
A A
Рыбакинадан жеңілген соң ракеткасын сындырған Соболенкоға айыппұл салынды
WhatsappTelegram

US Open финалында қазақстандық Елена Рыбакинадан жеңілген Арина Соболенкоға 7,5 мың доллар айыппұл салынды.

Турнирдің жарияланған тәртіптік жазалар тізіміне сәйкес, Беларусь теннисшісіне ракетка немесе спорттық жабдықты пайдалану ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынған.

US Open финалы 12 қыркүйекте өтті. Елена Рыбакина қарсыласын 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, мансабында алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды.

Финал Соболенко үшін эмоцияға толы өтті.

Бірінші сетте геймді ұтылғаннан кейін ол допты трибунаға қарай қатты ұрып жіберді. Осы әрекеті үшін төрешіден ескерту алды.

Матч аяқталғаннан кейін Соболенко ракеткасын сындырды.

Камераға тағы бір жағдай түсіп қалды. Жеңіліске қатты ренжіген теннисші өзін түсіріп тұрған операторға балағат сөз айтып, одан алыстауды талап етті.

Кейін Соболенко бұл әрекетін финалдағы жеңілістен кейінгі эмоциясымен түсіндірді.

Оның айтуынша, қатарынан үшінші рет US Open чемпионы атану мүмкіндігін жіберіп алғаннан кейін жиналған ашу мен көңілсіздікті сыртқа шығарғысы келген.

Соболенко Нью-Йорктегі турнирді үшінші жыл қатарынан жеңіп алуға тырысты. Егер ол финалда жеңіске жеткенде, US Open турнирін қатарынан үш рет ұтқан Серена Уильямс пен Крис Эверттің жетістігін қайталар еді.

Алайда Рыбакина қарсыласының US Open корттарындағы 20 матчқа созылған жеңісті сериясын тоқтатты.

Финалдағы жеңілістен кейін Соболенко әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесінен де айырылды. Ол WTA рейтингінің көшін 99 апта қатарынан бастап келген еді.

14 қыркүйекте Елена Рыбакина ресми түрде WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілді.

Қазақстандық теннисші үшін US Open жүлдесі мансабындағы үшінші Grand Slam титулы болды. Бұған дейін ол 2022 жылы Уимблдонды және 2026 жылы Australian Open турнирін жеңіп алған.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларСоболенкотеннис
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Асхат Бердіханов VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазына 1 миллион теңге сыйға тартты

Асхат Бердіханов VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазына 1 миллион теңге сыйға тартты

Жандос Жантаев
15 Қыркүйек, 2026

Қонаев қаласының тұрғыны Данил Устинов Қырғыз елінде өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қол күрестен алтын жеңіп алды....

25 елден 150-ге жуық спортшы: Алматыда Денис Тен мемориалы өтеді

25 елден 150-ге жуық спортшы: Алматыда Денис Тен мемориалы өтеді

Жандос Жантаев
14 Қыркүйек, 2026

7-10 қазан аралығында Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне арналған Denis Ten Memorial Challenge 2026 халықаралық...

Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Жандос Жантаев
14 Қыркүйек, 2026

Елена Рыбакина әйелдер арасындағы жекелей сында ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды. 14 қыркүйекте US Open аяқталғаннан...

74 медали для Казахстана: Токаев наградил участников Игр кочевников

Қазақстан қоржынында 74 медаль: Тоқаев Көшпенділер ойындарының жүлдегерлерін марапаттады

Жандос Жантаев
11 Қыркүйек, 2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесіп, үздік нәтиже көрсеткен спортшылар мен жаттықтырушыларды...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz