Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Зерттеу

1,5 мыңға жуық салымшы: Қазақстанда CVK қаржы пирамидасы қалай жұмыс істеген

Жоба өзін маркетплейс ретінде таныстырып, тұрақты табыс уәде еткен. Тергеу Қазақстанның 14 өңірінде жүргізіліп жатыр

Жандос Жантаев
18 Қыркүйек, 2026
Зерттеу
A A
1,5 мыңға жуық салымшы: Қазақстанда CVK қаржы пирамидасы қалай жұмыс істеген
WhatsappTelegram

Қаржылық мониторинг агенттігі өзін маркетплейс ретінде таныстырған CVK жобасының қызметін тоқтатты. Қазір жобаға қатысты тергеу Қазақстанның 14 өңірінде жүргізіліп жатыр.

FBRK Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлағандай, қатысушыларға тұрақты табыс әкеледі деген әртүрлі пакеттегі «инвестициялық дүкендерді» сатып алу ұсынылған.

Нақты сауда жүріп жатқандай әсер қалыптастыру үшін пайдаланушылардың жеке кабинеттерінде орындалған тапсырыстар мен тауарлардың жөнелтілгені көрсетілген. ҚМА мәліметінше, бұл тауарлар шын мәнінде болмаған, ал қатысушыларға виртуалды пайыздар есептелген.

Схемада рефералдық жүйеге ерекше мән берілген. Жаңа салымшыларды тартқаны үшін қатысушыларға ақшалай бонус пен бағалы сыйлықтар уәде етілген.

ҚМА дерегінше, ауқымды жарнамалық науқан мен өңірлердегі белсенді насихаттың арқасында жобаға 1,5 мыңға жуық салымшы тартылған.

Жаңа қатысушыларды тарту үшін жабық үгіт кештері, кеңселердің салтанатты ашылуы және жаппай таныстырылымдар ұйымдастырылған. Бұл шаралар әлеуметтік желілерде белсенді жарияланып, жобаға деген сенімді арттыру үшін пайдаланылған.

Салымшылардың ақшасы криптовалюта платформасы арқылы шығарылып, кейін банктік шоттарға аударылған.

Жедел іс-шаралар барысында ҚМА 474 мың USDT көлеміндегі криптоактивті бұғаттады.

Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.

ҚМА CVK жобасынан зардап шеккен азаматтарды тұрғылықты жері бойынша агенттіктің аумақтық департаменттеріне жүгінуге шақырды. Сондай-ақ 1458 call-орталығы жұмыс істейді.

Тегтер: CVKБасты жаңалықтарБасты оқиғаларҚМА
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Күйік асуындағы жол жөндеу сметасы тексеріліп, бюджетке 191,3 млн теңге қайтарылды

Күйік асуындағы жол жөндеу сметасы тексеріліп, бюджетке 191,3 млн теңге қайтарылды

Жандос Жантаев
23 Қараша, 2026

Жамбыл облысындағы тасжол учаскесін жөндеу кезінде жол жабынын бекітуге арналған материалдың бағасы сметада негізсіз көтерілген. Жамбыл көлік...

Прокуратура Кәрім Көкірекбаевты босату туралы сот қаулысының күшін жоюды сұрады

Прокуратура Кәрім Көкірекбаевты босату туралы сот қаулысының күшін жоюды сұрады

Жандос Жантаев
23 Қараша, 2026

Сот Жамбыл облысының бұрынғы әкімін ауыр сырқатына байланысты жазасын одан әрі өтеуден босату туралы қаулы шығарды. Прокуратура...

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы техникасына бөлінген 1,1 млрд теңгені жымқыру дерегі тергеліп жатыр

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы техникасына бөлінген 1,1 млрд теңгені жымқыру дерегі тергеліп жатыр

Жандос Жантаев
23 Қараша, 2026

Тергеу дерегінше, 37 жаңбырлату машинасы жеткізілмеген, бірақ актілерде техника толық жеткізілді деп көрсетілген. Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан...

Шалқарда мектептің үш бухгалтері 82 млн теңгеден астам қаржы жымқырғаны үшін сотталды

Шалқарда мектептің үш бухгалтері 82 млн теңгеден астам қаржы жымқырғаны үшін сотталды

Жандос Жантаев
23 Қараша, 2026

Шалқарда мектептің үш бухгалтері 82 млн теңгеден астам қаржы жымқырғаны үшін сотталды Бас бухгалтер сегіз жылға, қалған...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz