Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар

Медеу мен Шымбұлаққа көлікпен кіруге шектеу қойылады: не өзгереді?

Жаңа тәртіпті Алматы мәслихатының депутаттары бекітті. Жергілікті тұрғындар мен арнайы қызметтер үшін ерекшелік қарастырылған

Жандос Жантаев
18 Қыркүйек, 2026
Жаңалықтар
A A
Медеу мен Шымбұлаққа көлікпен кіруге шектеу қойылады: не өзгереді?
WhatsappTelegram

Алматыда Медеу мен Шымбұлақ шатқалындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға автокөлікпен кірудің жаңа тәртібі бекітілді. Шектеу іштен жану қозғалтқышы бар көліктерге де, белгілі күндері электромобильдерге де қатысты болады.

Шешімді 18 қыркүйекте Алматы қаласы мәслихатының депутаттары қолдады. Жаңа тәртіп көлік жүктемесін және табиғи аумаққа түсетін антропогендік әсерді азайту мақсатында енгізілмек.

Бензин, дизель және басқа да іштен жану қозғалтқышы бар автокөліктердің кіруіне шектеу қойылады.

Электромобильдер үшін бөлек тәртіп қарастырылған. Жұмыс күндері олардың өтуіне рұқсат беріледі. Ал демалыс және мереке күндері шектеу электромобильдерге де қолданылады.

Бұл талап жергілікті тұрғындарға, сондай-ақ шұғыл, жедел, коммуналдық және арнайы қызметтердің көліктеріне қолданылмайды.

Алматының Экология басқармасының мәліметінше, таулы аумақтағы көлік ағыны айтарлықтай өскен. 2026 жылдың сегіз айында бақылау-өткізу бекеті арқылы 179 024 көлік өткен. Ал 2022 жылдың бүкіл кезеңінде бұл көрсеткіш 76 606 болған. Қазір бекет арқылы тәулігіне орта есеппен 700-ге жуық көлік өтеді.

Жаңа тәртіп 2026 жылғы 12 маусымдағы Конституциялық сот шешімінен кейін әзірленді. Сот бұған дейін әкімдік қаулысымен енгізілген шектеуді Конституцияға сәйкес емес деп таныған. Себебі мұндай шектеулерді белгілеу құзыреті мәслихатқа тиесілі. Сонымен бірге Конституциялық сот ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау мақсатында көлік қозғалысын шектеуге заң бойынша жол берілетінін атап өткен.

Шымбұлақ аумағында 48 жеке тұрғын үй, «Қазгидромет» пен «Қазселденқорғау» мекемелерінің қызметтік-тұрғын ғимараттары және Тұйықсу шатқалындағы нысандар орналасқан. Сондықтан жаңа тәртіпте жергілікті тұрғындардың үйлеріне кедергісіз жетуі де ескерілген.

Тегтер: "Медеу"Басты жаңалықтарБасты оқиғаларшектеуШымбұлақ
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
«Таза Қазақстан»: в Алматинской области состоялся масштабный субботник с участием 40 тысяч человек

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Жандос Жантаев
19 Қыркүйек, 2026

Алматы облысында Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпыхалықтық сенбілік өтті. Шараға облыс тұрғындары, еріктілер мен жастар қатысты. Олар...

Массовое ДТП под Павлодаром: трое пострадавших находятся в реанимации

Павлодар — Кенжекөл жолында төрт көлік соқтығысты: адам қазасы бар

Жандос Жантаев
18 Қыркүйек, 2026

Павлодар - Кенжекөл автожолында болған жаппай жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, тағы жеті адам жарақат алды....

1,5 мыңға жуық салымшы: Қазақстанда CVK қаржы пирамидасы қалай жұмыс істеген

1,5 мыңға жуық салымшы: Қазақстанда CVK қаржы пирамидасы қалай жұмыс істеген

Жандос Жантаев
18 Қыркүйек, 2026

Қаржылық мониторинг агенттігі өзін маркетплейс ретінде таныстырған CVK жобасының қызметін тоқтатты. Қазір жобаға қатысты тергеу Қазақстанның 14...

Екібастұзда Mercedes жүргізушісі полициядан қашпақ болды

Екібастұзда Mercedes жүргізушісі полициядан қашпақ болды

Жандос Жантаев
18 Қыркүйек, 2026

Екібастұзда Mercedes жүргізушісі полицияның тоқтау туралы талабына бағынбай, қашуға әрекет жасаған. Қуғын оның ұсталуымен аяқталып, ер адамға...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz