Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құру туралы өкім шығарды.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Комиссия қорғаныс ведомствосындағы істердің жай-күйін кешенді түрде тексереді.
Комиссияның құрамы, тексерудің нақты бағыттары мен мерзімі әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.
Шешім Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілер қаза тапқан қайғылы оқиғадан кейін қабылданды.
Оқиға бойынша қылмыстық тергеу жалғасып жатыр. Сонымен қатар қайғылы жағдайдың себептерін анықтау үшін Үкімет комиссиясы жұмыс істеуде.



