Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Спорт

Ясмина Тоқсанбаева кроссовкасына байланысты Азиада алтынынан айырылды

Жарыстан кейін қарсыластары оның аяқ киімінің World Athletics талаптарына сәйкестігіне наразылық білдірді

Жандос Жантаев
28 Қыркүйек, 2026
Спорт
A A
Ясмина Тоқсанбаева кроссовкасына байланысты Азиада алтынынан айырылды
WhatsappTelegram

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева 2026 жылғы Азия ойындарындағы марафондық спорттық жүрісте бірінші келгеннен кейін жарыстан шеттетілді.

Тоқсанбаева 42,195 шақырымдық қашықтықты 3 сағат 22 минут 20 секундта жүріп өтіп, мәреге бірінші жеткен.

Алайда жарыстан кейін оның нәтижесіне наразылық берілді. Наразылық қазақстандық спортшы киген кроссовканың талаптарға сәйкестігіне қатысты болды.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті мәселе World Athletics талаптарына байланысты қаралып жатқанын растаған.

Кейін ресми хаттамада Тоқсанбаеваның аты-жөнінің тұсына DQ белгісі қойылды. Оның нәтижесі жойылып, алтын медаль Қытай спортшысы Даньчжэнь Гоцзунға өтті.

Жарыстан түсірілген фотоларға сүйенген редакция Тоқсанбаеваның ASICS Magic Speed 4 кроссовкасымен өнер көрсеткенін анықтады.

World Athletics жариялаған рұқсат етілген аяқ киімдер тізімінен редакция Magic Speed сериясының басқа нұсқаларын тапқанымен, төртінші нұсқасын анықтай алмады.

World Athletics ережесіне сәйкес спортшы қолданатын нақты аяқ киім моделі сол дисциплина үшін рұқсат етілген ресми тізімде болуы тиіс. Спортшыларға жарыс алдында модельдің талапқа сәйкестігін алдын ала тексеру міндеттеледі.

«Старт алдында кроссовкамды тексерген жоқ»

Ясмина Тоқсанбаева жарыс алдында оның аяқ киіміне жеке тексеру жүргізілмегенін айтты.

Спортшының сөзінше, әдетте жарыстарда кроссовка тексеріліп, табанының биіктігі өлшенеді. Алайда бұл жолы мұндай тексеру болмаған.

Тоқсанбаева кроссовканы көктемде сатып алғанын да айтты. Оның сөзінше, сол кезде бұл модель рұқсат етілген аяқ киімдер тізімінде болған. Бірақ шамамен бір айдан кейін тізім жаңартылып, аталған модель онда көрсетілмей қалған.

Редакция Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетіне сұрау жолдап, World Athletics талаптарына сай экипировканы тексеруге кім жауап беретінін және ұлттық құрама спортшыларының техникалық жабдықталуы жарыс алдында қалай бақыланатынын сұрады.

Медальдар қайта бөлінді

Тоқсанбаева жарыстан шеттетілгеннен кейін Қытай өкілі Даньчжэнь Гоцзун 3:26:09 нәтижесімен Азия ойындарының чемпионы атанды.

Күміс жүлде Қытай спортшысы Ма Лиге, қола медаль жапониялық Юкико Умэноға бұйырды.

Осылайша Қазақстан құрамасына тағы бір алтын медаль әкелуі мүмкін болған нәтиже ресми түрде жойылды.

Тегтер: АзиадаалтынБасты жаңалықтарБасты оқиғаларЯсмина Тоқсанбаева
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
«Все виновные будут осуждены». Министр обороны попросил прощения у семей погибших военных

Тоқаев әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинамен кездесті

Жандос Жантаев
28 Қыркүйек, 2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинамен кездесті. Мемлекет басшысы спортшыны US Open турниріндегі жеңісімен және...

«Все виновные будут осуждены». Министр обороны попросил прощения у семей погибших военных

Алматы облысында халықаралық дрифт додасы өтті

Жандос Жантаев
28 Қыркүйек, 2026

Халықаралық додаға Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан және Ресейден келген 20 автошабандоз  қатысты. Бұл жарысты Қазақстанның Автомотоспорт федерациясы...

Қазақстанның Азиада тарихындағы ММА-дан алғашқы алтынын Еркінғали Бүркіталин жеңіп алды

Қазақстанның Азиада тарихындағы ММА-дан алғашқы алтынын Еркінғали Бүркіталин жеңіп алды

Жандос Жантаев
22 Қыркүйек, 2026

Еркінғали Бүркіталин аралас жекпе-жектен 2026 жылғы Азия ойындарының тарихи алтын медалін жеңіп алды. Ол Қазақстан атынан Азиадада...

Награждены победители Всемирных игр кочевников

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері марапатталды

Жандос Жантаев
16 Қыркүйек, 2026

Алматы облысының әкімі Шыңғыс Арынов спортшылар мен жаттықтырушыларға жоғары нәтижелері және ел намысын халықаралық аренада лайықты қорғағаны...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz