Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Таханов «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды. Корпорацияның ресми мәліметіне сәйкес, ол бұл қызметті 2022 жылдан бері атқарып келген.
Бұған дейін Данияр Таханов «Атырау» ӘКК-де және басқа да ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.
Жаңа әкімге бірқатар басым бағыт бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды. Олардың қатарында халықты жұмыспен қамту, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, кәріз және электрмен жабдықтау жүйелерін жаңғырту, жылыту маусымына дайындық, апатты үйлердің тұрғындарын көшіру, қоғамдық қауіпсіздік пен қаланы абаттандыру мәселелері бар.




