70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Сабырхан Иордания өкілі Зейяд Ишаишпен кездесті. Қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыз шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Бұл жекпе-жек Төрехан үшін қарымта кездесу болды. 2026 жылғы сәуірде Улан-Баторда өткен Азия чемпионатының финалында Ишаиш Сабырханды жеңген еді. Бұл жолы бес төрешінің барлығы жеңісті қазақстандық спортшыға берді.
Төрехан финалға дейін де қарсыластарын сенімді түрде жеңді. 1/8 финалда қатарлық Мохаммед Дбичиден 5:0 есебімен басым түсті. Ширек финалда ирактық Али Касим Хамдан Аль-Сарраиды нокаутпен жеңді, ал жартылай финалда өзбекстандық Шавкатжон Болтаевты 5:0 есебімен ұтты.
Сабырханның алтыны Қазақстан үшін бокстан 2014 жылдан бергі алғашқы Азиада чемпиондығы болды. Инчхонда өткен сол ойындарда қазақстандық боксшылар алты алтын медаль алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шыққан еді. 2018 жылғы Джакарта және одан кейінгі Ханчжоу ойындарында Қазақстан боксшылары алтын медаль ала алмады.
Сонымен қатар Төрехан Сабырханның жеңісі Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарындағы оныншы алтын




