Әлеуметтік желілерде Navai лақап атымен танымал әнші Наваи Бакировтың Қазақстан шекарасында ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.
Тараған мәліметке сәйкес, оқиға 13 қазанда «Қордай» шекара бекетінде болған.
Әнші мінген көлікті тексеру барысында есірткі заты табылып, тәркіленгені айтылып отыр.
Алайда қандай зат және қанша мөлшерде табылғаны нақтыланбаған.
Сондай-ақ әншінің ресми түрде күдікті деп танылғаны және оған қандай да бір бұлтартпау шарасы қолданылғаны туралы расталған мәлімет жоқ.




