Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Зерттеу

NAVAI есірткі контрабандасына күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

14 қазанда Астанада өтуі тиіс концерттің тоқтатылуын ұйымдастырушылар техникалық себептермен түсіндірді

Жандос Жантаев
14 Қазан, 2026
Зерттеу
A A
NAVAI есірткі контрабандасына күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды
WhatsappTelegram

NAVAI лақап атымен танымал ресейлік әнші Наваи Бакиров Қазақстан шекарасында ұсталды. Ол есірткі контрабандасына оқталды деген күдікке ілінген. Ал 14 қазанда Астанада өтуі тиіс концерті тоқтатылды.

Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлады. Басылымның мәліметінше, әншінің ұсталғанын полиция растаған.

Шекарада не болды?

13 қазанда Наваи Бакиров Жамбыл облысындағы «Қордай» шекара бекеті арқылы Қазақстанға кірмек болған.

Ол мінген автокөлікті полиция мен ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері тексерген.

Тексеру барысында көліктен есірткі заты табылып, тәркіленген.

«Аталған дерек бойынша есірткі заттарының контрабандасына оқталу күдігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады полиция.

Тәркіленген заттың түрі мен мөлшері әзірге нақтыланбады.

Астанадағы концерті тоқтатылды

14 қазанда NAVAI Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өнер көрсетуі тиіс болатын.

Алайда концерт өтпейтін болды.

Ұйымдастырушылар мұны техникалық себептермен түсіндіріп, көрермендерден кешірім сұрады.

Дегенмен концерттің тоқтатылуы әншінің ұсталуымен тікелей байланысты екені ресми түрде расталған жоқ.

NAVAI кім?

Наваи Бакиров — әзербайжан текті ресейлік әнші.

Ол HammAli & Navai дуэтінің құрамында кеңінен танылды. Дуэт поп, рэп және R&B бағыттарында ән орындайды.

Олардың танымал туындыларының қатарында «Птичка», «Прятки» және «Девочка-война» әндері бар.

Кейін Наваи Бакиров жеке шығармашылық жолын да дамыта бастады.

Қазіргі уақытта әншіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның кінәсі сотта дәлелденген жоқ.

Тегтер: NavaiБасты жаңалықтарБасты оқиғалар
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Ақтөбе облысында екі ер адам қорқытып ақша талап етті деген күдікпен ұсталды

Ақтөбе облысында екі ер адам қорқытып ақша талап етті деген күдікпен ұсталды

Жандос Жантаев
15 Қазан, 2026

Ақтөбе облысында таныстарынан ақша бопсалады деген күдікпен екі ер адам ұсталды. Тергеу мәліметінше, олардың бірі күш қолданамын...

«Яндекс» істен шыққаннан кейін қазақстандықтардың деректері қайда жіберілетінін тексеру талап етілді

«Яндекс» істен шыққаннан кейін қазақстандықтардың деректері қайда жіберілетінін тексеру талап етілді

Жандос Жантаев
15 Қазан, 2026

Қазақстанда «Яндекс» сервистерін пайдаланушылардың жеке деректері қайда және қалай өңделетінін тексеру мәселесі көтерілді. Бұған 11 қазанда болған...

Число госпитализированных учеников РФМШ в Алматы выросло до 48

РФММ-де уланған балалар саны артты: 51 оқушы ауруханаға түсті

Жандос Жантаев
15 Қазан, 2026

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) интернатында тұратын оқушылардың ауруханаға түсуі жалғасып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, жедел ішек...

NAVAI қамауға алынғаннан кейін Қырғызстан шекарашыларын тексере бастады

NAVAI қамауға алынғаннан кейін Қырғызстан шекарашыларын тексере бастады

Жандос Жантаев
15 Қазан, 2026

Қырғызстанда NAVAI лақап атымен танымал ресейлік әнші Наваи Бакировтың мемлекеттік шекарадан қалай өткені тексеріліп жатыр. Әнші көрші...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz