20 қазанда Алматыдан Павлодарға ұшқан FlyArystan ұшағы межелі әуежайға жетпей, кері қайтты.
Жолаушылардың бірінің айтуынша, ұшақ Павлодарға шамамен 300 шақырым қалғанда кері бұрылған.
FlyArystan түсіндіруінше, ұшу кезінде Павлодарда жауын-шашын мен нөл градус шамасындағы температура болжанған. Мұндай жағдайда келесі ұшу алдында әуе кемесін мұздануға қарсы сұйықтықпен өңдеу қажет болған. Алайда Павлодар әуежайында оны жүргізу мүмкін болмаған.
Экипаж ұшақтың Павлодардан қауіпсіз қайта ұша алмай қалу қаупін ескеріп, Алматыға оралуға шешім қабылдаған.
Нәтижесінде FS-7131 Алматы – Павлодар және кері бағыттағы FS-7132 рейстері тоқтатылған. Жолаушыларға орын болған жағдайда ең жақын рейске билетін бір рет тегін ауыстыру немесе билет құнын толық қайтару ұсынылған.




