Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Игорь Лепеханы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Ақорда хабарламасында Лепеханың қызметтен босатылу себебі мен оның орнына кім тағайындалатыны айтылмаған.
Игорь Лепеха Ішкі істер министрінің орынбасары болып 2022 жылғы 6 қазанда тағайындалды. Ол бұл лауазымда төрт жылдан астам уақыт жұмыс істеді.
Игорь Лепеха қандай қызметтер атқарған
Лепеха еңбек жолын Қарағанды қаласының ішкі істер басқармасында бастады. Кейін Қарағанды облысының ішкі істер департаментінде басшылық қызметтер атқарды.
Ол 2009–2019 жылдары ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары, кейін комитет төрағасы болды. 2019–2020 жылдары министрліктің Штаб-департаментін, ал 2020–2022 жылдары ІІМ аппаратын басқарды




