Тыйым салатын жол белгісін елемеген 20 жастағы жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Талдықорғанда мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ Kia көлігі қаланың орталық алаңына кірген. Көлікте екі жігіт болған. Оқиға Жетісу облысы полиция департаментінің Жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды SONA.KZ TINFO басылымына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, жүргізуші көлік қозғалысына тыйым салатын жол белгісінің талабын бұзған. Тәртіп сақшылары рөлде 20 жастағы жергілікті тұрғын болғанын анықтады.
Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Kia арнайы айыптұраққа қойылды.




