Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

Он алты жастағы Шерзаттың өлімі: сот Талғарда жеті күдіктіні 2 айға қамады

Алматы облысының прокуратурасы 2024 жылдың 4 қазаны күні адам қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты мәлімдеме жасады.

Тоғжан Төлеген
8 октября, 2024
Қазақстан жаңалықтары
A A
Он алты жастағы Шерзаттың өлімі: сот Талғарда жеті күдіктіні 2 айға қамады
WhatsappTelegram

Айта кетейік, күні кеше баланың әкесі әлеуметтік желі арқылы Бас прокурор Берік Асыловқа үндеу  жасап, жергілікті құқық қорғау органдары тергеуде заң бұзып отыр деген еді. Бүгін облыстық прокуратура істің обьективті түрде тергелетініне кепілдік берді.

«Өздеріңіз білетіндей, биыл 4-қазан күні Талғар қаласында төбелес орын алып, қаланың 16 жастағы тұрғыны пышақталып көз жұмды. Тағы екі азамат ауыр жарақат алды. Біз қоғамның толқуын түсінеміз және баланың отбасына көңіл айтамыз. Прокуратура органдары кісі өлтіру бұл істі ерекше бақылауына алғанын ресми түрде мәлімдейміз», — деп жазылған прокуратураның ақпаратында.

Дереккөзге сүйенсек, осы қылмысты жасады деген күдік бойынша сот жеті адамды 2 ай мерзімге қамаған.

«Біз жағдайды толық анықтап, кінәлілердің бәрін жауапқа тартатындай обьективті тергеу жүретініне кепілдік береміз. Осы қылмысқа қатысы бар адамдарды жауапкершіліктен босататындай ешқандай әрекет болмайтынына сендіреміз. Тергеуге көмектесетін ақпарат білсеңіз, прокуратура немесе ішкі істер органдарына жүгінуге шақырамыз», — деп хабарлайды Алматы облысының прокуратурасы.

Еске салсақ, 2024 жылдың 4 қазанында Алматы облысы Талғар деген шағын қалада марқұм Шерзаттың әкесі мен анасы жалдап отырған дүкенге бір жігіт келген. Ол сыра алып, оның ақшасын төлегісі келмей, жанжал тудырған. Видеодағы жігіттің інісі мен ұлы, яғни, Шерзат бұзақыны тыныштандырып, сыртқа шығармақ болған. Сол сәтте ол бір топ досын шақырып, төбелес шығарған. Суыт қару асынған күдіктілер баланы анасының көзінше пышақтап кеткен. Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Мәлік Қабдуалиев қылмыс жасағандар қамалғанын айтқан еді.

Тегтер: Алматы облысыталгарШерзат
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Қазақстан Нью-Йорк, Токио және Сингапурға тікелей рейстер ашуды жоспарлап отыр

Қазақстан Нью-Йорк, Токио және Сингапурға тікелей рейстер ашуды жоспарлап отыр

Дана Альсеитова
8 июля, 2025

Қазақстан халықаралық әуе қатынасын кеңейтуді көздеп отыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ICAO кеңесінің төрағасы Сальваторе Шаккитаномен...

Қазақстан 11 миллион гектар жерді қайтарды

Дана Альсеитова
8 июля, 2025

Соңғы үш жылда мемлекет меншігіне 11 миллион гектар жайылымдық жер қайтарылды. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет...

АҚШ қазақстандық тауарларға 25% тариф енгізеді – Трамп хаты

АҚШ қазақстандық тауарларға 25% тариф енгізеді – Трамп хаты

Дана Альсеитова
8 июля, 2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми хат жолдап, 2025 жылдың 1 тамызынан бастап...

Жаңа құрылыста қолма-қол есепке тыйым енгізіледі

Жаңа құрылыста қолма-қол есепке тыйым енгізіледі

Дана Альсеитова
2 июля, 2025

Қазақстан Ұлттық банкі төлемдер мен ақша аударымдарын реттейтін нормативтік актілерге өзгерістер енгізу бастамасын көтерді. Бұл жоба —...

Қатысты жаңалықтар

Тоқаев демалыс аймақтарында тәртіп орнатуды және кінәлілерді жазалауды тапсырды

10 июля, 2025
Перизат Кайрат заявила о побоях — появилось видео из СИЗО

Перизат Қайрат соққыға жығылғанын айтты — тергеу изоляторынан бейнежазба жарияланды

10 июля, 2025
Қонаевта жағажай спорт алаңы жаңартылды

Қонаевта жағажай спорт алаңы жаңартылды

10 июля, 2025
Судья Перизат Қайрат ісі неге жартылай жабық өтетінін түсіндірді

Судья Перизат Қайрат ісі неге жартылай жабық өтетінін түсіндірді

9 июля, 2025
️Перизат Қайрат ісі бойынша сот ішінара жабық өтеді

️Перизат Қайрат ісі бойынша сот ішінара жабық өтеді

9 июля, 2025
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz