Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері қарақшылық шабуылды ашты. Қылмыс қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінде жасалған. Белгісіз ер адам әйелге күш қолдану арқылы шабуыл жасап, оған дене жарақатын келтіріп, алтын әшекейін ашық түрде тартып алып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Sona.kz almaty_ police_departament-несілтеме жасап.
Жәбірленушіге уақытылы медициналық көмек көрсетілген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ұрланған мүлік тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Алматы қалалық полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияровтың айтуынша, күдіктінің қысқа мерзімде ұсталуына жедел және үйлесімді әрекеттер ықпал еткен.









