Ақтөбе облысында жоғалған азамат аман табылды

26 желтоқсанға қараған түні Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Шетырғыз ауылдық округі аумағында, Қаратоғай ауылы маңында 1983 жылы туған малшының жоғалуы бойынша іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылд, деп хабарлайды Sona.kz 112 kz-ке сілтеме жасап.

Полиция және төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, азамат шаруа қожалығының аумағынан шығып, Шалқар қаласы бағытына бет алғаннан кейін хабар-ошарсыз кеткен. Мобильді байланысқа шықпаған.

Іздестіру жұмыстарына ТЖМ, ПД күштері мен құралдары, Ауыл құтқарушылары, сондай-ақ шаруа қожалығының қызметкерлері тартылды.

Бүгін таңертең іздестіру тобы жоғалған азаматты Сарысоқы ауылынан 2 шақырым қашықтықта тауып алды. Ер адамның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет емес.