Ақтөбеде оқушының денесі табылды

Ақтөбеде бүгін таңда ауладан оқушының денесі табылды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Бүгін сағат 7:30 шамасында Ақтөбе қаласы Маресьев көшесіндегі үйдің ауласынан кәмелетке толмағанның мәйіті табылды.

– Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы мәйітте зорлықпен өлтіру белгілері жоқ екенін анықтады. Баланың қайтыс болу себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық ветеринария басқарасының басшысы Айбек Сембайдың айтуынша, ит қапты деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

– Қазіргі кезде тексеру жүріп жатыр. Баланың денесінде қандай да бір із, тістің басқаны белгісі жоқ, – деді Айбек Сембай.

Полиция да иттің қапқанын жоққа шығарды. Киімінде еш із болмаған.