Атырау облысында жоғалған отбасының кенже қызына халықаралық іздеу жарияланды

Атырау облысында жоғалған отбасының кенже қызы  Ақбаян Мұқанғалиева халықаралық іздеуге жарияланды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Ақбаян хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде іздестірілуде. Ол аталған қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылмаған.

Сонымен қатар, Ақбаянның жұбайына да халықаралық іздеу жарияланған. Ол әйелінің ата-анасын өлтірді деген күдікке ілінген. Ер адамға қатысты қылмыстық іс аясында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды.