Автор: Аяла Тұрсын

  • LRT 2025 жылдың соңында іске қосылады

    LRT 2025 жылдың соңында іске қосылады

    Астанада LRT 2025 жылдың соңына таяу іске қосылады. Жеңіл рельсті көлік машиниссіз жүреді. Ал бұл жүйені сынақтан өткізуге кемі алты ай қажет. Бүгін премьер-министр ОлжаС Бектенов LRT-ның құрылыс барысын тексерді. Үкімет басшысы жоба эстакадасының арҚалықтарын төсеу кезеңі аяқталғанына көз жеткізді. Стансалардың негізгі темірбетон конструкцияларының құрылысы биыл жыл аяғына дейін бітуі тиіс. Келесі жылы рельстер төселіп, стансаларды Әрлеу жұмыстары жүргізіледі. Сонан соң жылжымалы құрамдарды жеткізетін депо құрылысы жүзеге асады. Қабанбай батыр даңғылы мен Қалдаяқов көшесі бойындағы эстакадалық бөлік абаттандыРылады.

  • 42 жаңа су қоймасы салынады

    42 жаңа су қоймасы салынады

    Елімізде 42 жаңа су қоймасы салынады. Бұл алдағы төрт жылда яғни, 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде жүзеге асады. Басты мақсат – су шаруашылығы саласын дамыту. Бірінші кезеңде яғни, 2025 жылдан бастап 11 жобаны салу және реконструкциялау жоспарланған. Одан бөлек, алты облыстағы үш жарым мыңға жуық шақырым ирригациялық арналарды жаңғырту көзделген. Сонымен қатар, су үнемдеу технологиясын қолданған шаруаларға берілетін субсидия көлемі де артты. 50ден 80 пайызға дейін ұлғайтылды. Бұл жөнінде Үкіметте өткен су кеңесінің отырысында мәлім болды.Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Премьер министр Олжас Бектенов Президенттің су шаруашылығын дамытуға, тозығы жеткен нысандарды жаңғырту жұмыстарының барлығы уақытында жүргізілуі тиіс екенін ескертті.

  • Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді

    Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді

    Халықаралық Lonely Planet журналының сарапшылары жыл сайын саяхатшылар, қызметкерлер, авторлар және туризм саласындағы басқа да мамандардың ұсыныстарына негізделген бағыттарды мұқият талдап, үздіктерді анықтайды. 2025 жылғы таңдау Қазақстанға түсіп отыр.
    Еліміз өзінің бай тарихымен, алуан түрлі табиғатымен және қайталанбас мәдени мұрасымен шетелдік сала мамандарын қызықтырған.

    «Қазақстанның Lonely Planet секілді әлемдегі беделді басылымның Best in Travel 2025 рейтингінде болуы – еліміздің туризміне әлем бойынша қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Елдің шынайы мәдениеті мен алуан түрлі табиғатын халықаралық деңгейде ілгерілетуді жалғастыра отырып, біз тұрақты туризм принциптерін ұстанамыз», деді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
  • «Адамның бір қызығы бала деген»: жазушы Құлбек Ергөбек мемлекеттік сыйлық иеленді

    «Адамның бір қызығы бала деген»: жазушы Құлбек Ергөбек мемлекеттік сыйлық иеленді

    Бүгін Президент Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Марапат иелерінің есімдері мен еңбектерін атап өтсек. Ақын Светқали Нұржан «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін, жазушы Құлбек Ергөбек – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін мемлекеттік сыйлыққа лайықты деп танылды. Ал, авторлық ұжым Әлібай Бапанов пен Сәуле Бапанова «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары топтамасы мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін үзік атанды. Суретші Жанұзақ Мүсәпір– «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты иеленді.

     

  • Германияда маймыл шешегінің жаңа түрін жұқтыру фактісі тіркелді

    Германияда маймыл шешегінің жаңа түрін жұқтыру фактісі тіркелді

    Германияда маймыл шешегінің жаңа түрін жұқтыру фактісі алғаш рет тіркелді. Мұны Роберт Кох атындағы қоғамдық денсаулық институты хабарлап отыр. Дегенмен, осы мекеме таратқан өзге бір мәліметке қарағанда, бұл аурудың Германияда кең тарау мүмкіндігі төмен.
    Айта кетсек, маймыл шешегі биыл Конго Демократиялық Республикасында өршіп, Африканың өзге елдерінде мыңдаған адамнан және Швецияда анықталды. Осыған байланысты, тамыз айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялаҒаны белгілі

  • Тель-Авивте дабыл іске қосылды

    Тель-Авивте дабыл іске қосылды

    Израильдің Тель-Авив пен Хайфа қалаларында дабыл іске қосылды. Хезболла орта қашықтыққа арналған зымырандармен атқылаған. Ливандық топтың мәлімдеуінше, олар барлау кеңсесі мен әскери-теңіз базасын көздеген. Қазір Тель-Авивте төтенше жағдай жарияланды. Бүгін елге АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен келеді. Ол Газада атысты тоқтату келісімдерін қайта бастауды және Хамас лидері Яхья Синвардың өлімінен кейін анклавтың болашағын талқыламақ. Бұл оның Израильге былтыр қазанның 7-нен бергі 11-сапары. «Әл-Жазира» телеарнасының хабарлауынша, бұл сапарлар барысында бітімге қол жеткізілген жоқ. Тек бір аптаға созылған атысты тоқтату келісімі жасалды.

  • Ливандағы елдімекенге қайта шабуыл жасалды

    Ливандағы елдімекенге қайта шабуыл жасалды

    Израиль Ливан астанасы Бейрут жанындағы халық көп тұратын елдімекенге қайта шабуыл жасады. Одан 4 адам қаза тауып, 20-дан астам тұрғын жараланған. Бұған дейін Израиль әскері осы маңдағы аурухана астында Хезболланың басқару орталығы бар деп мәлімдеген еді. Тұрғындарға ауданнан кету туралы ескерту де жасалды. Ал Ливанның денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері «әл-Сахел» ауруханасының астында туннель бар деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дәлел болу үшін ауруханаға халықаралық бақылаушылар шақырылғанын мәлімдеді. «Хезболла» болса, әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.

  • Жарықсыз қалған кубалықтар шеруге шықты

    Жарықсыз қалған кубалықтар шеруге шықты

    Кубалықтар көшеге шығып, электр қуатын тез қалпына келтіруді талап етті. Халық өткен жұмадан бері әлі жарықсыз отыр. Елдегі 8 электр станциясының біреуі істен шыққаннан кейін, 10 миллионнан астам халқы бар мемлекет аумағында жарық өшті. Жағдайды «Оскар дауылы» ушықтыра түскен. Ағаштар құлап, электр желілері үзілді. Кубалықтарды азық-түлік, жанармай мен дәрі-дәрмек тапшылығы тығырыққа тіреп отыр. Ал елдің электр станцияларының жұмысы шетелден импортталатын отынға тәуелді.

  • Таза Қазақстан: есірткі жарнамалары жаппай жойылуда

    Таза Қазақстан: есірткі жарнамалары жаппай жойылуда

    Астанада бұрыш-бұрыштағы есірткі жарнамалары жаппай жойылуда. Жазбалар тек өшіріліп ғана қоймайды. Артынша қылмыстық іс қозғалады. Тергеу жүргізіледі. Есірткі жарнамаларын жою «Таза Қазақстан» акциясы аясында қолға алынды.

    Оған полицейлер мен астаналық жастар, еріктілер қатысып жатыр. Кезекті науқан Байқоңыр ауданында өтті. Белсенділер қала көркін сақтап ғана қоймай, халықты үлкен кеселден сақтауда.

    Байқоңыр ауданы бойынша 134 мекенжайдан анықталды. Әр  жазбаларға тіркеу жасалып, қылмыстық іс қозғалады», — деді Байқоңыр аудандық жергілікті полиция қызметі бөлім бастығының орынбасары  Рахымжан Құлжанов.  

  • 6 ауданның халқы Өскеменге тез жетеді: ең ұзын көпір ашылды

    6 ауданның халқы Өскеменге тез жетеді: ең ұзын көпір ашылды

    Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ең ұзын автомобиль көпірінің ашылуына орай ШҚО-дағы алты ауданның тұрғындары Өскеменге жылдам қатынайтын болады. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

    Жоба көлік қатынасының ұзақ жылғы мәселесін шешуге бағытталған, көпір алты ауданды: Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Қатонқарағай, Тарбағатай және Зайсанды байланыстырады.

    «2019 жылы Мемлекет басшысы тарихи шешім қабылдап, 2020 жылы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталды. Көпірдің стратегиялық,, әлеуметтік, туристік және транзиттік маңызы бар. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, көпірдің маңында орналасқан алты ауданның, яғни 120 мыңнан астам азаматтың бүгінде облыс орталығына тәулік бойы қатынай алатынын атап өткен жөн», – деді Марат Қарабаев

     

    Министр сонымен қатар ең басты мақсат – көпірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін айтты. Ол үшін екі жағынан 40-қа жуық арнайы мұзжарғыш және көпірді тәулік бойы бақылау үшін тиісті камералар толығымен орналастырылған.

    Құрылыс тәулігіне 80 мыңға дейін автомобиль өткізе алады, өткелге дейін 18 км жаңа жол салынды.