Рубрика: Оқиғалар

  • Атыраудағы мектепте оқушының жарақаттануына қатысты ішкі тексеріс жүріп жатыр

    Атыраудағы мектепте оқушының жарақаттануына қатысты ішкі тексеріс жүріп жатыр

    Атырау қаласындағы «Тәғылым» жеке мектебінде 11-сынып оқушысының басынан жарақат алу дерегі бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін қоғамның назарын аударды, деп хабарлайды Sona.kz ATYRAU.ONLINE-ға сілтеме жасап.

    Автордың айтуынша, оқушыны сыныптастары итеріп жіберген, салдарынан ол әжетханада басын унитазға соғып алған. Алғашында қыз бала «жәй ғана тайып құладым» деп айтқанымен, кейіннен шын мәнінде итерілгенін туыстарына мойындаған.

    Туыстарының сөзінше, оқиға болған күні олармен не сынып жетекшісі, не мектеп әкімшілігі байланыспаған. Жақындары мектеп қызметкерлері болған жайтты жасырып, балаларға «ешкімге айтпауды» тапсырғанын алға тартады. Оқиға туралы ата-аналар тек кешке, басқа оқушының анасы арқылы білген.

    Атырау облысының білім басқармасы мектепте ішкі тексеріс басталғанын растады. Ведомствоның хабарлауынша, педагогтар оқушыға алғашқы көмек көрсетіп, травмпунктке баруды ұсынған, алайда ол дәрігерге ағасымен ғана баруға келісім берген. Мектепте қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

    Тексеру қорытындысы кейін жарияланады.

  • 26 жастағы алматылық айықтырғышқа қамалғаннан кейін инсульттан қайтыс болды

    26 жастағы алматылық айықтырғышқа қамалғаннан кейін инсульттан қайтыс болды

    Алматыда 26 жастағы ер адам денсаулығы күрт нашарлаған сәтте медициналық мекемеге емес, айықтырғышқа жеткізілген. Біраз күннен кейін ол миына қан құйылу салдарынан қайтыс болды. Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланып, марқұмның жақындары растады, деп хабарлайды Sona.kz Stan.kz- ке сілтеме жасап.

    Желі мәліметінше, жас жігіт жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Жарыстан кейін тамақтану үшін қоғамдық тамақтану орнына кірген. Сол жерде оның жағдайы нашарлап, жүрегі айнып құса бастаған. Алайда қызметкерлер оны мас деп ойлап, жедел жәрдем шақырмаған.

    Туыстарының айтуынша, ол инсульт алған. Бірақ мекеме әкімшілігі полицияға хабар беріп, ер адамды айықтырғышқа жеткізген. Жақындарына ешқандай ақпарат берілмеген.

    Отбасы мүшелерінің сөзінше, ер адам түн бойы медициналық көмексіз жатқан, салдарынан жағдайы одан әрі нашарлаған. Келесі күні туыстары оны өздері ауруханаға апарған. Дәрігерлер миына қан құйылғанын анықтап, шұғыл ота жасаған. Науқас комаға түсіп, сегіз күннен кейін көз жұмды.

    Марқұмның туыстары дер кезінде көрсетілген көмек оның өмірін сақтап қалуы мүмкін еді деп санайды және жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр.

    Оқиғаға қатысты журналист қалалық Полиция департаментіне ресми сауал жолдады. Жауап күтілуде.

  • Семейде тәрбиеші 5 жастағы баланы тұншықтыруға әрекет жасады деген оқиға тексеріліп жатыр

    Семейде тәрбиеші 5 жастағы баланы тұншықтыруға әрекет жасады деген оқиға тексеріліп жатыр

    Семей қаласындағы «Айгөлек» балабақшасында тәрбиеші 5 жастағы балаға қарсы әрекет жасағаны камераға түсіп қалды. Баланың ата-анасы, психоәлеуметтік дамуы кешігіп келе жатқан ұлының жағдайына байланысты, тәрбиешінің орамалмен баланың бетін жауып, қолымен басып тұншықтыруға тырысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sona.kz 7 арнаға сілтеме жасап.

    Монитордағы жазба шамамен 5 минутты құрайды, бірақ отбасы оқиғаның нақты бір сағатқа созылғанын айтады. Балабақшада 38 жастағы тәрбиешінің жақында декреттік демалыстан шыққанын, содан кейін қайтадан аурухана парағын рәсімдеп, қайтадан демалысқа шыққанын хабарлады.

    Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды және алдын ала тергеу басталды.
    Ата-ана тәрбиешінің балалармен жұмыс істеу құқығынан айыруды талап етуде.

  • Ұлытау облысына құлаған зымыран бөліктері: мамандар қауіп жоқ екенін хабарлады

    Ұлытау облысына құлаған зымыран бөліктері: мамандар қауіп жоқ екенін хабарлады

    Байқоңыр ғарыш айлағынан 27 қараша күні сағат 14:27-де ұшырылған «Союз МС-28» зымыранының жекелеген бөліктері Ұлытау облысының аумағына құлады. Бұл туралы Sona.kz Stan.kz- сілтеме жасап хабарлайды.

    Алдын ала мәлімет бойынша, құлау салдарынан халыққа немесе инфрақұрылымға ешқандай қауіп туындаған жоқ. Оқиға орнына бірден «Роскосмос» мамандары, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің экологиялық қызмет өкілдері жіберілді. Мамандар жергілікті жерден топырақ пен ауа құрамына қатысты сынамалар алып, радиациялық және химиялық фонды өлшеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

    Ресми ақпаратқа сәйкес, «Союз МС-28» зымыраны қауіпсіз отын түрлерін — керосин мен сұйық оттегін пайдаланады. Сондықтан құлаған бөлшектерден радиациялық, химиялық немесе биологиялық қауіп төнбейді.

    Мамандар тексеру нәтижелерін кейінірек жариялайтынын атап өтті.

  • Әуе кемесінде министр алғашқы медициналық көмекті көрсетті

    Әуе кемесінде министр алғашқы медициналық көмекті көрсетті

    Туристік рейс кезінде әуе кемесі ұшуға дайындалып жатқан сәтте бір жолаушының жағдайы нашарлады. Куәгер Айгуль Елемес өз парақшасында жазғандай, стюардесса дабыл қағып: «Дәрігер! Дәрігер!» деп шақырған, деп хабарлайды Sona.kz Nege.kz-ке сілтеме жасап.

    Оқиға орнына жүгіріп келген әйел науқасты есін жиюға көмектесті, қан қысымын өлшеді – ол қалыптан тыс жоғары болды. Алғашқы шаралар көрсетіліп, жолаушыға дәрі берілді, шай мен су ұсынылды. Дәрігер науқасқа рейсті жалғастыра ала ма деп сұрап, жағдайын бағалаған соң ұшақ ұшуға дайындалды.

    Кейін анықталғандай, жолаушыға медициналық көмек көрсеткен әйел Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ш. А. Альназарова екен. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі видеоны растады және оқиғаның шынайы екенін жариялады.

  • Астанада жас жігіт автобуста газ шашты

    Астанада жас жігіт автобуста газ шашты

    Астанада 18 жастағы жас жігіт қала автобусының ішінде газ баллоншасын шашты. Оқиға кезінде ол баллоншаны автобустан шығуға жақындаған досына бағыттаған.

    Жолаушылар бірден жөтеліп, тынысы таусылды, жүргізуші автобусты тоқтатып, есіктерін ашып, ауаны жаңартты және полицияға хабарлады. Ешкім зардап шеккен жоқ, медициналық көмек қажет болмады.

    Krispmedia деректері бойынша, құқық бұзушы тез анықталды. Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 5 тәулікке қамауға алды.

  • Мұқасан Шахзадаев жас әнші Ғалымжан Сүлейменді соққыға жықты деген күдікпен ұсталды

    Мұқасан Шахзадаев жас әнші Ғалымжан Сүлейменді соққыға жықты деген күдікпен ұсталды

    Астанада жас әнші Ғалымжан Сүлейменді соққыға жықты деген айыппен күдікке ілінген Мұқасан Шахзадаев ұсталды, деп хабарлайды Sona kz. Hege.kz-ке сілтеме жасап.

    Бұған дейін адвокат Шахзадаевты полиция бірнеше күн бойы таба алмай жатқанын айтқан. Алайда қазіргі уақытта күдікті ұсталып, оған қатысты жедел тергеу шаралары басталған.

    Қорғаушының айтуынша, Шахзадаевтың әрекеті Қылмыстық кодекстің 107 бап 2 бөлігіне сәйкес келеді. Бұл бап алдын ала сөз байласу арқылы немесе адамдар тобымен денсаулыққа қасақана зиян келтіруді қарастырады. Тергеу осы бап бойынша жүруде.

    Инга Иманбай сотқа дейінгі тергеуде күдіктінің жауапкершіліктен бірнеше күн бойы бой тасалағанын ерекше атап өтті.

    «Бұл жерде қасақана жасалған әрекет бар. Денсаулыққа зиян келтірілген, алдын ала сөз байласу белгілері бар. Сонымен қатар күдікті бірнеше күн бойы тергеуден қашып жүрді. Сондықтан біз міндетті түрде түрме жазасын талап етеміз», деді адвокат.

    Егер кінәсі дәлелденсе, Мұқасан Шахзадаев үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Еске салайық, «Нұр Мұқасан» тобының жаңа әншісі Ғалымжан Сүлеймен әлеуметтік желіде өзін топтың бұрынғы мүшесі Мұқасан Шахзадаев ұрып кеткенін айтқан еді. Оқиғаға байланысты Алматы қаласы полиция департаменті қылмыстық іс тіркеген.

  • Белгілі видеограф 13 жасар баланы зорлады деген күдікпен қамауға алынды

    Белгілі видеограф 13 жасар баланы зорлады деген күдікпен қамауға алынды

    Маңғыстау облысында танымал видеограф кәмелетке толмаған балаға сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деген күдікпен қамауға алынды. Ол бұған дейін жергілікті пабликтер мен Ақтау әкімдігі үшін видеороликтер түсіріп жүрген. Әлеуметтік желілерде оның аккаунттары бірнеше апта бұрын жоғалып кеткені айтылды, деп хабарлайды Sona.kz Stan.kz- ке сілтеме жасап.

    Кейін оның таныстары видеографтың шағым бойынша ұсталғанын хабарлады. Айтуларынша, арызды видео түсіруді үйреніп жүрген балалардың ата аналары түсірген.

    Полиция деректі растады. 4 қарашада құқық қорғау органдарына ресми шағым түскен. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті анықталып ұсталды. Сот қаулысымен ол екі айға уақытша тергеу изоляторына қамалды.

    Тергеу жалғасып жатыр. Полицейлер барлық процессуалдық шараларды толық көлемде жүргізуде. Шағымдағы ақпарат тексеріліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалған.

    Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен бала он үште, күдікті жиырма тоғыз жаста.

  • Аягөз: екі ер адам шетелдік туристерге тиіскен

    Аягөз: екі ер адам шетелдік туристерге тиіскен

     

    Әлеуметтік желіге тараған видеоға қарағанда Аягөзде екі ер адам шетелдік туристерге тиісе отырып оларды тәрбиелемек болған. Кадрларда жергілікті тұрғындардың шетелдіктерге тыныш тамақтануға мүмкіндік бермей кім екендерін қайдан келгендерін және неге қазақша сөйлемейтіндерін сұрап әдейі арандатуға тырысқаны байқалады, деп хабарлайды Sona.kz Jagdai-ға сілтеме жасап.

    Полиция екі адамның да жеке басын жедел анықтады. Олардың бірі бұрын сотталған болып шықты оған 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Екіншісіне 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

    Құзырлы органдар мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпке қайшы келетінін және өңірдің туристік имиджіне нұқсан келтіретінін атап өтті.

  • Жолаушы саңырау таксисті алдап, ақшасын төлемей қашып кетті

    Жолаушы саңырау таксисті алдап, ақшасын төлемей қашып кетті

    Әлеуметтік желілерде есту қабілеті бұзылған Самат есімді такси жүргізушісінің оқиғасы тарады, деп хабарлайды Sona.kz Jagdai-ға сілтеме жасап.

    Автордың айтуынша, жүргізуші жауапсыз жолаушының құрбаны болған.

    Пост авторы жолаушы жолақыны әпкесі аударады деп сендіргенін айтады. Ол Саматтан бірнеше минут күте тұруды сұрап, өзі алыстап кеткен. Жүргізуші ақшаның түсуін күтіп біраз тұрғанымен, төлем жасалмаған, ал жолаушы із-түзсіз жоғалған.

    Автордың айтуынша, Самат олардың отбасының танысы, еңбекқор әрі сабырлы адам. Есту қабілеті шектеулі болса да, адал еңбегімен нәпақа табады. Ол ең өкініштісі — кейбір адамдар естімейтін немесе сөйлей алмайтын жүргізушілердің осалдығын пайдаланып, «ештеңе істей алмайды» деп ойлайтынын атап өтті.

    Бұл оқиға қоғамда үлкен талқылау тудырды. Пікір қалдырушылар таксистердің еңбегін құрметтеуге және мүмкіндігі шектеулі адамдарға түсіністікпен қарауға шақырды.