Рубрика: Оқиғалар

  • Алматы әуежайында қызды құтқарған ер адам жәбірленуші болудан бас тартты

    Алматы әуежайында қызды құтқарған ер адам жәбірленуші болудан бас тартты

    Ол наурыз айының басында әуежай қызметкерін тұтқынға алып, елді дүр сілкіндірген еді.

    Соттың екінші отырысында адвокат әрі ерлік көрсеткен азамат Муса Абдраимов өзін жәбірленуші ретінде тануды сұрағанымен, кейін бұл мәртебеден бас тартты. Ол қызды өз еркімен құтқарғанын және денсаулығына ешқандай зиян келмегенін айтты.

    Соттың алғашқы отырысында айыпталушы өзіне тағылған айыппен келіспейтінін жеткізді. Ол ешқандай талап қоймағанын, тек күту залына өтуге рұқсат сұрағанын мәлімдеген. Сонымен қатар, өзін контузия алғанын айтқанымен, оны дәлелдейтін құжаттар жоқ.

    Баратовқа бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр: жалған террорлық хабар тарату, адамды тұтқынға алу және қару қолдана отырып бұзақылық жасау. Бұл баптар бойынша ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Айта кетейік, оқиға кезінде Муса Абдраим пышақпен қаруланған ер адамнан қызды құтқарып, оны залалсыздандыруға көмектескен. Президент бұл ерлігі үшін оны арнайы мемлекеттік медальмен марапаттады.

  • Костанайда 7 жастағы қыз пневмониядан қайтыс болды

    Костанайда 7 жастағы қыз пневмониядан қайтыс болды

    Костанайда 7 жасар қыз пневмониядан қайтыс болды. Бір ай бойы жөтелге антибиотик тағайындалып, нақты диагноз қойылмаған. Қыздың жағдайы нашарлап, инфекциялық ауруханаға жатқызылғаннан кейін ғана пневмония диагнозы анықталды, бірақ өмірін құтқару мүмкін болмады. Ата-анасы дәрігерлердің уақытылы тексеріс жүргізбегенін айтып, жауапкершілікке тартуды талап етуде. Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп, сараптама тағайындалды.

  • Елордада жатақханада өрт шықты, құтқарушылар дер кезінде әрекет етті

    Елордада жатақханада өрт шықты, құтқарушылар дер кезінде әрекет етті

    Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрттің мансардтың 6-қабатында болғаны анықталды. Қабаттың барлық бөлігін от шарпыған еді. Құтқарушылар мен ТЖМ қызметкерлері дереу газ-түтіннен қорғау қызметі құрылып, барлау жұмыстарын бастады.

    Өрт сөндірушілер 540 адамды эвакуациялап, оның ішінде 50 адамды, оның 7-ін балаларды қауіпсіз жерге көшірді. Өртті толық сөндіру үшін ТЖМ үздіксіз су жеткізіп отырды.

    Өрт зерттеу сынақ зертханасы мен ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Қазірге дейін зардап шеккендер жоқ. Өрттің себептері тексерілуде.

  • Дауылда батылдық танытқан ұшқыш: жолаушылар алғысын жаудырды

    Дауылда батылдық танытқан ұшқыш: жолаушылар алғысын жаудырды

    Желіде Душанбе–Алматы рейсінің қону сәті түсірілген видео тарады. Қатты желге қарамастан, ұшқыш ұшақты сәтті қондырып, көпшіліктің ризашылығына бөленді.

    «Браво ұшқышқа, осындай дауылда ұшақты аман-есен қондырды», «Мен осы рейспен ұштым, қорқынышты болды. Ұшқыш жарады» – деп жазды пікір қалдырушылар.

  • ШҚО-да полицейлер өртті сөндірді

    ШҚО-да полицейлер өртті сөндірді

    Олар көрші үйдің төртінші қабатындағы балконнан шыққан жалынды байқап, өртті сөндіруге кірісті. Үшінші қабаттағы пәтер есігі құлыптаулы болғандықтан, Қажмұханов балконнан төмен түсіп, су құйылған бөтелкелермен өртті толықтай сөндірді. Өрттің таралуына жол берілмеді, ешкім зардап шеккен жоқ.

  • Атырау облысында ер адам бұрынғы әйелін өлтірді

    Атырау облысында ер адам бұрынғы әйелін өлтірді

    Құлсарыда 27 наурыз күні ер адам бұрынғы әйелін жұмыс орнында пышақтап өлтірді. Марқұм жергілікті емханада заңгер болып жұмыс істеген. Күдікті қылмыс орнынан қашып кеткенімен, полиция оны ұстады.

    Әйел ауыр жарақат алып, сол жерде қайтыс болды. Оның артында екі баласы қалды. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

  • Air Astana ұшағы Бакуге шұғыл қонды

    Air Astana ұшағы Бакуге шұғыл қонды

    Себебі – жолаушылардың бірі бортта өзін нашар сезініп, экипаж дереу қонуға шешім қабылдаған. Airbus A321 лайнері Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайға жергілікті уақытпен 00:25-те аман-есен қонды. Дәрігерлер науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізді.

    Бұл жағдайға байланысты рейс кейінге шегерілді. Экипаждың жұмыс уақыты аяқталғандықтан, әуе компаниясы жолаушыларға қонақүй, тамақ және көлік қызметін ұйымдастырды. Ұшақтың Алматыға қайта ұшуы 24 наурызда 13:40-қа жоспарланған.

  • Жалған полицейдің жарнамасы айыппұлмен аяқталды

    Жалған полицейдің жарнамасы айыппұлмен аяқталды

    Алайда оның бұл әрекетін клиенттер емес, нағыз полиция қызметкерлері бағалады.

    Тексеру нәтижесінде оның құқық қорғау органдарына ешқандай қатысы жоқ екені анықталды. Жарнамасы сәтсіз аяқталып, айыппұл арқалады, ал формалық киім тәркіленді.

  • Астанада төбелестің соңы адам өлімімен аяқталды

    Астанада төбелестің соңы адам өлімімен аяқталды

    Астанада төбелестің соңы адам өлімімен аяқталды. Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта адам өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр.

    Астанада төбелес болып, арты атысқа ұласып, салдарынан бір адам мерт болғаны туралы ақпарат тарады.

    Астананың полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

    — Алдын ала мәліметтер бойынша, екі таныс адам жанжалдасып қалған. Артынша оның біреуі екіншісінің басынан оқ атып жіберген, дейді полицейлер.

    Кдікті ұсталып, қамауға алынды.

  • Қырғызстанға заңсыз жолмен бензин өткізгендер 15,5 млрд теңге тапқан

    Қырғызстанға заңсыз жолмен бензин өткізгендер 15,5 млрд теңге тапқан

    Қазақстаннан Қырғызстанға АИ-92 маркалы бензинін заңсыз шығарумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды.

    Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық топтың қызметін әшкереледі. Олар АИ-92 маркалы бензинін Қырғыз Республикасына заңсыз шығарып, сатып отырған.

    Тергеу барысында күдіктілердің Қазақстан аумағында бензинді еріткіш және дистиллят ретінде рәсімдеп, жалған құжаттар арқылы шекарадан заңсыз өткізгені анықталды.

    Жедел іздестіру іс-шаралары барысында «Түрксіб» станциясында заңсыз жолмен жөнелтілген 500 тоннаға жуық бензин тиелген 8 теміржол цистернасы ұсталды. Жүк «Қара Май Ойл» шағын мұнай өңдеу зауытынан жөнелтілген және Қырғызстанға бағытталған.

    «Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2023-2024 жылдары аталған шағын зауыттан 102 мың тоннадан астам мұнай өнімдері көрші мемлекетке экспортталған.

    Алдын ала есеп бойынша, қылмыстық топтың көлеңкелі айналымы соңғы екі жылда 15,5 млрд теңгеден асып түсті», – делінген хабарламада.

    Аталған іс бойынша үш күдіктіге мемлекетаралық іздеу жарияланды:

    • Попов Алексей Александрович, 27.04.1987 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, Жамбыл облысы, Тараз қаласының тумасы, бұрын сотталмаған;
    • Ибраимов Рахымжан Маматұлы, 29.01.1996 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, Өзбекстан Республикасының Чартак қаласының тумасы, бұрын сотталмаған;
    • Сағындықов Серік Ерланұлы, 29.07.1987 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, Жамбыл облысының тумасы, бұрын сотталмаған.

    «Оларға «камаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Егер сізге іздестіріліп жатқан тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, келесі телефондарға хабарласуды сұраймыз: +7-727-279-20-86 – кезекші бөлім.

    Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі», – деп хабарлайды ҚМА.