Рубрика: Пайдалы ақпарат

  • Қазақстанда теміржол билеттеріне жас санаттары бойынша жеңілдіктер кеңейтілді

    Қазақстанда теміржол билеттеріне жас санаттары бойынша жеңілдіктер кеңейтілді

    Қазақстанда теміржол көлігімен қатынайтын жолаушылар үшін әлеуметтік бағыттағы жеңілдіктер кеңейтілді. Енді 60 жастан асқан азаматтар ел аумағында пойызбен 25 пайыздық жеңілдікпен жол жүре алады, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
    Бұл мүмкіндік «Жолаушылар тасымалы» АҚ енгізген QURMET атты жаңа дисконттық карта арқылы ұсынылады. Карта ұлттық тасымалдаушының барлық пойыздарында жарамды және купе, плацкарт, сондай-ақ отыратын вагондарда орын таңдауға шектеу қоймайды. Дисконттық картаның құны  3000 теңге, қолдану мерзімі  сатып алынған күннен бастап бір жыл.
    Сонымен қатар ұлттық тасымалдаушы 15 пен 25 жас аралығындағы жолаушыларға арналған KETTIK33 дисконттық картасын іске қосты. Бұл карта купе вагондарындағы үстіңгі орындарға және отыратын вагондарға билет сатып алу кезінде 33 пайыздық жеңілдік береді. Карта құны мен қолдану мерзімі QURMET картасымен бірдей.
    Компанияның мәліметінше, дисконттық карталар атаулы болып табылады және оларды үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады. Карталарды тек теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында жеке өзі рәсімдеуге болады. Ол үшін жеке куәлік, ұялы телефон нөмірі және электронды пошта мекенжайы (міндетті емес) қажет.
    Жеңілдікті билет кассаларында офлайн режимде немесе bilet.railways.kz ресми сайты арқылы онлайн сатып алу кезінде пайдалануға болады. Ал екінші деңгейлі банктердің сервистері арқылы алынған билеттерге бұл жеңілдіктер қолданылмайды.
    Айта кетейік, жеңілдіктер жыл сайын белгіленген кезеңде ғана ұсынылады. Мерекелік және каникул уақыттарында дисконттық карталардың әрекеті тоқтатылады. Атап айтқанда:
    •2026 жылғы 20–29 наурыз аралығы;
    •2026 жылғы 25–30 желтоқсан;
    •маусым–тамыз айлары.
  • Аяз Қонаев: Қапшағай су қоймасына қыстыгүні шомылатындар саны көбеюде

    Аяз Қонаев: Қапшағай су қоймасына қыстыгүні шомылатындар саны көбеюде

    Бала шағынан спортқа әуес азамат бүгінде панкратионмен айналысады, жекпе-жекке қатысады. Аптасына 3 рет күштік жаттығулар жасайды. Сонымен қатар түрлі марафондарға қатысып, тауларға шығады. Ең биік бағындырған шыңы – «Пик Советов» (4317 м).

    Ал суық суға шомылуды 96 күн бұрын бастаған. Сабыржанның айтуынша, мұздай суға түсу – адам бойына сергектік сыйлап, бойын шымырлатып, иммунитет жоғарылауына көмектеседі.

    «Ең бастысы – тәртіп пен режимді қатаң ұстану», – дейді спортшы.

    Қазір оның бастамасына 10 шақты адам қосылған. Соның бірі – Геннадий. Ол суық суға түсудің арқасында стресске төзімділігі артып, бойында күш-жігер пайда болғанын айтады.

    Бұл топқа @club_morzhei_qonaev кез келген әуесқой қосыла алады. Байланыс нөмірі: +7 708 702 8252

  • «Әдемі» мемлекеттік нөмірлерді алу қызметі онлайн форматта қолжетімді болады

    «Әдемі» мемлекеттік нөмірлерді алу қызметі онлайн форматта қолжетімді болады

    Қазақстанда ХҚО-да азаматтар арасында «әдемі» автомобиль нөмірлеріне қызығушылық артқан соң, Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект министрлігі қызметті онлайн форматқа ауыстыруды жариялады.

    Бірінші вице-министр Ростислав Коняшкиннің айтуынша, кеше ХҚО-да халықтың көп жиналуы тек жаңа қызметтің іске қосылуымен ғана емес, ұзақ мерекелік күндермен де байланысты. «Ағыммен күресу үшін операторлардың санын көбейттік. Бүгін үлкен топтардың жиналуы күтілмейді», — деді ол.

    Аптаның соңына қарай қызмет eGov мобильді қосымшасы арқылы онлайн форматта қолжетімді болады. Онлайн-сервис алдын ала дайын болған ба деген сұраққа Коняшкин: «Онлайн-сервистің мәні дәл осындай сәттерде көрінеді. Біз азаматтар үшін максималды ыңғайлылықты қамтамасыз етіп, көпшілік жиналған жерлерге жылдам әрекет етеміз», — деп жауап берді.

    Министрлік өкілі онлайн форматқа көшу кезекті азайтып, қызмет сапасын арттыратынын, азаматтар ЦОН-ға бармай-ақ қалаған мемлекеттік нөмірін ала алатынын атап өтті.

  • Қазақстанда бірқатар қара шай түрлерін әкелуге және сатуға тыйым салынды

    Қазақстанда бірқатар қара шай түрлерін әкелуге және сатуға тыйым салынды

    Қазақстанда бірқатар қара шай маркаларын әкелуге және сатуға тыйым салынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. Тиісті қаулы 5 қаңтарда бақылау сатып алулары мен санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша қабылданған.
    Тексеру барысында кейбір қара шай өнімдерінің құрамында қолданыстағы нормативтерге сәйкес тыйым салынған тағамдық бояғыштар бар екені анықталған. Атап айтқанда, сары «күн батысы» (E110), тартразин (E102) және понсо 4R (E124) бояғыштары табылған. Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес бұл заттарды шай өндірісінде қолдануға рұқсат етілмейді.
    Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру барысында өнімнің қаптамасында өндіріс және қаптау орны туралы жалған ақпарат көрсетілгені анықталды. Бұл тиісті рұқсат құжаттарының болмағанын көрсетеді.
    Анықталған бұзушылықтарға байланысты келесі қара шай маркаларын әкелуге және сатуға тыйым салынды:
    •«Апамның шәйі Premium gold», Al-Hayat Golg, «БАЛҚИЯ Premium Gold» — өндіруші Orda Trade Astana ЖШС (Алматы облысы);
    •Sultan Suleyman, Pakistan tea — өндіруші Real Trade Astana ЖШС (Астана);
    •«БАЛҚИЯ Premium gold» — өндіруші «Аль-Хадия» ЖК (Алматы);
    •Aje Onim — өндіруші «Орда Чай» ЖК (Алматы), тапсырыс беруші — «Кальций» ЖШС;
    •Al-Hayat Golg — өндіруші Empire KENIY E.P.Z. Limited (Алматы облысы);
    •Al-Jannat Premium — өндіруші Ferdaus ЖК (Алматы);
    •Alfarah — өндіруші қаптамада көрсетілмеген.
    Санитариялық қызмет өкілдері тұтынушыларды өнімнің таңбалануына және шығу тегіне мұқият болуға, ал кәсіпкерлерді санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырды.
  • Алматы-Бішкек трассасында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді

    Алматы-Бішкек трассасында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді

    Алматы облысы полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды Алматы-Бішкек трассасында орташа жылдамдықты автоматты бақылау жүйесінің енгізілгені туралы хабарлайды. Видеокамералар жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркеп, жылдамдықты тек камера орнатылған жерлерде емес, ұзын жол учаскелерінде де анықтай алады, деп хабарлайды Sona.kz облыстық ПД сілтеме жасап.

    Жүйе бақылау пункттері арасындағы уақытты салыстыру принципі бойынша жұмыс істейді. Егер көлік белгіленген уақыттан жылдамырақ жүрсе, жылдамдық режимін бұзу фактісі тіркеледі.

    Полиция мәліметі бойынша, жүйені енгізу жол-көлік оқиғаларының көбеюіне байланысты және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, апаттардың алдын алу, жолдағы жарақаттар мен өлім-жітімдерді азайту мақсатында жүргізілуде.

    Жақын арада осындай бақылау жүйелері елдің басқа трассаларында кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

    Құқық қорғау органдары жүргізушілерді абай болуға, жылдамдық режимін және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады, бұл жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

  • Гонконг тұмауының өршуі: елде H3N2 штаммы белсенді циркуляцияда

    Гонконг тұмауының өршуі: елде H3N2 штаммы белсенді циркуляцияда

    Қазақстанда гонконг тұмауы – A (H3N2) штаммы белсенді таралуда. Медициналық және санитариялық қызметтердің деректері бойынша қараша және желтоқсан айлары эпидемиологиялық маусымның ең белсенді кезеңі болмақ. Эпидемиологтар халықты сақтық шараларын күшейтуге шақырады, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме қалдырып.
    Елдегі эпидемиологиялық жағдай
    Маусым басынан бері Қазақстанда 1,46 млн ОРВИ жағдайы тіркелді, бұл былтырғы маусымнан 20%-ға төмен. Дегенмен гриппке қатысты жағдай өсіп отыр. Лабораториялық зерттеулер бойынша қараша айының басында 590 грипп жағдайы анықталды, оның 587-сі H3N2 штаммы, яғни гонконг тұмауы.
    Астанадағы кейбір науқастардың жағдайы ауыр – жоғары температура, құрғақ жөтел, күшті интоксикация және көз аурулары байқалады.
    Гонконг тұмауының белгілері және қауіптері
    Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгиннің айтуынша, H3N2 штаммы жоғары жұққыштыққа және тез асқынуға бейім.
    •Ауру тез басталады, температура бірден 39–40°C дейін көтеріледі.
    •Бұлшықет және буын ауыруы, қалтырау, бас ауруы, құрғақ жөтел.
    •Мұрын бітелуі бірнеше күннен кейін пайда болады.
    Асқынуларға тәуекелі жоғары топ:
    •5 жасқа дейінгі балалар
    •Жүкті әйелдер
    •Егде жастағылар
    •Созылмалы жүрек, өкпе аурулары немесе диабетпен ауыратын адамдар
    Жиі кездесетін асқынулар: пневмония, бронхиолит, ларинготрахеит, жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылыстары.
    Емдеу әдістері
    Инфекционист Айжан Иманова емдеуді үш бағытта ұсынады:
    1.Спецификалық вирусқа қарсы препараттар – нейраминидаза ингибиторлары, вирус жасушаға тірелуін тежейді.
    2.Неспецификалық терапия – интерферондар мен олардың индукторлары иммундық қорғанысты күшейтеді.
    3.Симптоматикалық емдеу – қызуды түсіретін, қабынуға қарсы, қақырық түсіретін препараттар, қысқа мерзімді тамыр тарылтатын тамшылар.
    Сонымен қатар тынығу, сұйықтық көп ішу, бөлмені жиі желдету маңызды.
    Профилактика және вакцинация
    2025 жылғы маусымда Қазақстанда 2,1 млн адам вакцина алды. Вакцина құрамында H3N2 штаммы бар. Екпе:
    •аурудың ауыр өтуін жеңілдетеді
    •асқынулар тәуекелін азайтады
    •ұжымдық иммунитет қалыптастырады
    Дәрігерлер сонымен қатар активті вирус өршу кезінде профилактикалық препараттар қабылдауды ұсынады.
    Аптекалардағы дәрі-дәрмектер
    Астана тұрғындары кейбір дәрілердің уақытша жоқтығына шағымдануда. Денсаулық сақтау министрлігі бұл сұраныстың уақытша екенін және жақын арада жеткізілім болатынын хабарлады. Қазіргі кезде қызуды түсіретін және қабынуға қарсы дәрілердің қоры екі айдан артық.
    Қорытынды және ұсыныстар
    •Көпшілік жиналатын жерлерден аулақ болу
    •Маска тағу
    •Қол гигиенасын сақтау, антисептиктер қолдану
    •Үйді желдету және ылғалдандыру
    •Симптомдар пайда болғанда дәрігерге бару
    Санитарлық қызметтер пик қараша-желтоқсан айларына түседі деп болжап отыр. H3N2 штаммының мутацияға бейімділігіне байланысты дәрігерлер сақтықты әлсіретпеуге шақырады.
  • Қазақстанда «гонконг» тұмауы белсенді таралып жатыр

    Қазақстанда «гонконг» тұмауы белсенді таралып жатыр

    Қазақстанда қыркүйектен бері 590 адамда тұмау расталды, олардың басым бөлігі — A(H3N2) штамы, деп хабарлайды Sona.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. H3N2 сезондылыққа тән штамм болғанымен, биыл аурудың ауыр өтуі жиілеген, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Семей дәрігері, отбасылық медицина маманы Елена Хегайдің айтуынша, бұл штамм интоксикация белгілерін айқын береді: дене қызуының тез көтерілуі, әлсіздік, дененің сырқырауы. Қауіп топтары – қарттар, жүкті әйелдер және созылмалы аурулары бар адамдар.

    Неліктен биыл ауырлау?

    Хегайдың айтуынша, бірнеше жыл бойы халық тұмаумен аз ауырды — пандемия кезіндегі маска, дистанция, гигиена иммунитеттің табиғи айналымын әлсіретті. Қазір әлемде «иммундық қарыз» гипотезасы талқылануда: ұзақ шектеулер маусымдық вирустарға төзімділікті төмендеткен.

    Штаммды анықтау маңызды ма?

    Көп жағдайда емес. Дәрігерлердің айтуынша, алғашқы 48 сағатта ем бірдей: қажет болса вирусқа қарсы препарат тағайындалады. Талдау тек:
    – стационарда диагноз нақтылау үшін;
    – ауыр симптомдар кезінде;
    – жүкті әйелдер, иммунитеті әлсіз азаматтар, балалар үшін;
    – эпиднадзор мақсатында жасалады.

    Қандай белгілерге назар аудару қажет?

    – қызудың 38–39 °C-қа күрт көтерілуі;
    – жағдайдың бірнеше сағат ішінде нашарлауы;
    – айқын әлсіздік, дене сырқырауы;
    – жөтел кеш басталуы, ал мұрын бітелуі болмауы мүмкін.

    Тұмауды тек ПТР немесе экспресс-тест нақтылайды.

    Вакцина қою кеш емес

    Дәрігерлер қыркүйектен сәуірге дейін кез келген уақытта вакцина салдыруға болады дейді. Бір рет ауырғаны да басқа штаммнан қорғамайды.

    Емдеу бойынша кеңестер

    – 38 °C шамасындағы қызуды автоматты түрде түсіру қажет емес;
    – сұйықтықты көп ішу, демалу;
    – ауырған күйде жұмысқа бармау, балаларды мектеп/балабақшаға апармау;
    – «қызыл жалаушалар» кезінде дереу дәрігерге жүгіну: ентікпе, естің шатасуы, кеудедегі ауырсыну, сусыздану белгілері;
    – вирусқа қарсы препараттарды тек көрсетілім бойынша қабылдау.

    Қандай препараттар тиімді?

    – Осельтамивир – тек тұмау вирусына әсер етеді;
    – Занамивир, балоксавир – тұмаудың нақты штаммдарына қарсы;
    – Герпеске арналған препараттар (ацикловир және басқалары) тұмауға әсер етпейді.

  • OpenAI ChatGPT қызметін шектейді: медицина және қаржы жөнінде кеңес беруге тыйым салынды

    OpenAI ChatGPT қызметін шектейді: медицина және қаржы жөнінде кеңес беруге тыйым салынды

    OpenAI компаниясы өнімдерін пайдалану саясатын жаңартты. Енді ChatGPT медицина, құқық, қаржы және басқа да мамандандырылған тақырыптар бойынша кеңес бермейді, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
    Шектеуге білім беру, жұмысқа орналасу, несие және сақтандыру, көші-қон және мемлекеттік қызметтерге қатысты бағыттар да енгізілді.
    Сонымен қатар енді:
    •адамның келісімінсіз оның бейнесін немесе дауысын жасауға болмайды;
    •қылмысқа бейімділікті болжау тыйым салынған;
    •сервисті қорқыту, жала жабу, зорлық-зомбылық пен терроризмді насихаттау, сондай-ақ өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу мақсатында қолдануға болмайды;
    •жасөспірімдерге арналған шектеулі контентті таратуға болмайды;
    •ақша тігілетін құмар ойындар ұйымдастыруға тыйым салынады.
    OpenAI бұл өзгерістердің барлығы қауіпсіз әрі жауапты пайдалану мақсатында енгізілгенін атап өтті.
  • Шәууәл 2025: Алты күндік оразаны қалай ұстайды және оның сауабы қандай?

    Шәууәл 2025: Алты күндік оразаны қалай ұстайды және оның сауабы қандай?

    Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

    “Кімде-кім Рамазан оразасын ұстап, оған Шәууәлден алты күн қосса, бір жыл ораза ұстағандай болады”, – деген (Мүслим).

    Қалай ұстайды?
    • Алты күн оразаны қатарынан да, үзіліспен де ұстауға болады.
    • Ниет: таң атпай ниет ету қажет.
    • Қаза оразасы барлар алдымен қазасын өтеп, кейіннен Шәууәл оразасын ұстаса, сауапқа кенеледі.

    Сауабы қандай?
    • Рамазан оразасымен бірге бір жылдық оразаның есебін береді.
    • Алланың разылығына жақындатады.
    • Рамазаннан кейінгі құлшылықты жалғастыруға септігін тигізеді.

    Бұл – иманды күшейтіп, рухани дамуға ықпал ететін сүннет оразалардың бірі.

  • «Наурыз Жұмыскер»: Қостанайлық инженер баспаналы болды

    «Наурыз Жұмыскер»: Қостанайлық инженер баспаналы болды

    Жаңа баспананың иесі – Қостанай қаласының тұрғыны, жас инженер Данияр Асанов. Ол салынып жатқан тұрғын үй кешенінен пәтер таңдап, құрылыс аяқталған соң бірден көшуді жоспарлап отыр.

    Бұл бағдарлама жұмысшы мамандық иелеріне тұрғын үйді жеңілдетілген шарттармен сатып алуға мүмкіндік береді. Қатысу үшін негізгі талаптар:
    • Кемінде 2 млн теңге бастапқы жарна төлеу;
    • Алты ай ішінде баспана таңдау құқығы беріледі;
    • Несие жеңілдетілген пайызбен рәсімделеді.

    Жоба халықтың баспана алу мүмкіндігін арттыруға бағытталған. Қазіргі таңда бағдарламаға өтінім қабылдау жалғасып жатыр.