Рубрика: Спорт

  • 600 доп, күш шоуы және болашақ чемпиондар: Қонаевта тарихи дода басталды

    600 доп, күш шоуы және болашақ чемпиондар: Қонаевта тарихи дода басталды

    Қонаев қаласында мектеп оқушылары арасында алғаш рет «Болашақ чемпиондар лигасы» атты спорт додасы бастау алды. Жас спортшыларды біріктірген бұл жарыс футбол, волейбол және баскетбол спорт түрлерін қамтып, алдағы екі ай бойы жалғасады.

    Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі ерекше форматта өтті. Спортшылар шеруі, акробатикалық қойылымдар мен әсерлі шоу қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

    Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов жас спортшыларға сәттілік тіледі.

    «Бұл жарыс – жай ғана бәсеке емес. Бұл – достықтың, табандылықтың және жеңіске деген жігердің алаңы. Бүгінгі алаңда жүрген әрбір жас спортшы – ертеңгі ел мақтанышы, болашақ чемпион. Қалада бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді және мұндай жобалар жас буынға үлкен серпін береді», – деді қала әкімі.

    Шара барысында қала әкімдігі тарапынан жас спортшыларға қолдау ретінде 600 дана доп тарту етілді.

    Кештің шарықтау сәтінде көрермендер ерекше шоуға куә болды. Әскери қызметтегі қала тұрғыны Айдар Тезеков күш өнерін көрсетіп, шегені ағашқа қолмен қағып, гір тасының үстінде жаттығу жасап, көпшілікті таңғалдырды. Тұрғынға спортқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру жолындағы еңбегі үшін қала әкімінің Алғыс хаты табысталды.

    Салтанатты рәсім барысында «Болашақ чемпиондар лигасының» кубогі ретрокөлікпен сахнаға шығарылып, жарыс ресми түрде ашық деп жарияланды.

    Аталған дода жас спортшыларға өз мүмкіндігін көрсетуге, тәжірибе жинауға және үлкен спортқа қадам жасауға жол ашпақ.

  • Астана Паралимпиада қаһарманы Ербол Хамитовты зор қошеметпен қарсы алды

    Астана Паралимпиада қаһарманы Ербол Хамитовты зор қошеметпен қарсы алды

    Бүгін Астана халықаралық әуежайында Италияда өткен 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарының басты қаһарманы Ербол Хамитовты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Чемпионды құрметтеуге оның отбасы, спорт ардагерлері және жүздеген жанкүйерлер жиналды.

    Ербол Хамитов Италия төріндегі додада парабиатлоннан алтын медаль иеленіп, шаңғы жарысынан қола Бұл жеңіс менің ғана емес, маған сенген бүкіл халқымның жеңісі. Италиядағы бәсекелестік өте жоғары болды, бірақ Астанадағы қарсы алу рәсімі барлық шаршауды басып тастағандай», — деді Хамитов әуежайдағы кездесуде.

    Ербол Хамитовтың бұл жетістігі Қазақстандағы паралимпиадалық қозғалыстың жаңа деңгейге көтерілгенін айғақтайды. Жақын күндері спортшыны мемлекеттік деңгейде марапаттау шаралары жоспарлануда.

  • Жәнібек Әлімханұлының дауы: спортшыға тағайындалған дәріден тыйым салынған зат табылды

    Жәнібек Әлімханұлының дауы: спортшыға тағайындалған дәріден тыйым салынған зат табылды

    Мельдоний спортшы ағзасынан шұғыл медициналық көмек кезінде тағайындалған дәрі арқылы табылды. Бұл туралы спорт федерациясының өкілдері хабарлады.

    Мәліметке сәйкес, оқиға жекпе-жектен кейінгі қалпына келу кезеңінде болған. Денсаулығы нашарлаған спортшы дәрігерге жүгінген, сол кезде оған емдік препарат тағайындалған. Кейін сараптама препарат құрамында мельдоний бар екенін анықтады.

    Федерация өкілдері аталған дәрінің Қазақстанда заңды түрде тіркелгенін және дәріханаларда сатылатынын атап өтті. Алайда оны тағайындаған дәрігер спорт медицинасы маманы емес, сондықтан допингке қарсы халықаралық ережелерді ескеру міндетті талап болып саналмайды.

    Тәртіптік комиссия медициналық құжаттарды және допинг сынамасының нәтижелерін зерттеуді жалғастыруда. Спортшы тарапынан нәтижені жасанды түрде жақсарту ниеті болмағаны айтылды.

    Қорытынды шешім халықаралық спорт ережелеріне сәйкес қабылданады.

  • Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты Астанада қарсы алды

    Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты Астанада қарсы алды

    25 ақпанға қараған түні Олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров елге оралды. Оны Астана әуежайында салтанатты түрде қарсы алды.

    Спортшы қолдау білдірген жанкүйерлерге, бапкерлерге және жақындарына алғыс айтты. Ол өз сөзінде елге оралғанына қуанышты екенін жеткізді.

    Әуежайда Қазақстан мәнерлеп сырғанау одағы Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтер сертификатын табыстады. Сонымен қатар мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина бір бөлмелі пәтер сертификатын алды. Олардың бапкерлеріне де баспана берілді.

    Құттықтау сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті президенті Геннадий Головкин чемпионды жеңісімен құттықтап, бұл жетістіктің ел үшін маңызын атап өтті.

    Оның айтуынша, бұл жеңіс спортшылардың, бапкерлердің және спорт саласындағы ұйымдардың бірлескен еңбегінің нәтижесі.

    Михаил Шайдоров Қазақстан тарихында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада алтынын жеңіп алған алғашқы спортшы атанды.

  • inDrive негізін қалаушы Станислав Шайдоровқа Audi Q8 табыстады

    inDrive негізін қалаушы Станислав Шайдоровқа Audi Q8 табыстады

    inDrive негізін қалаушы Арсен Томский, Станислав Шайдоров  қазақстандық фигурист Михаил Шайдоровтың әкесіне автомобиль сыйлады. Audi Q8 көлігінің кілтін табыстау кезінде Станислав Шайдоров эмоциясын жасыра алмады.

    Томскийдің айтуынша, Шайдоровтар отбасының оқиғасы оны шабыттандырған. Ол спортшының жолын қолдау үшін әкесінің көлігін сатқанын атап өтті. Кәсіпкер мұндай әрекеттер отбасылық қолдаудың маңызын көрсететінін айтты.

    «Станислав Александрович ұлының жолын қолдау үшін көлігін сатты. Бұл оқиға маған жақын. Мен де қиын кезде екі рет көлігімді саттым  команда жалақысын төлеу және киберспорт құрамасын чемпионатқа жіберу үшін. Шайдоровтар отбасына және Қазақстанға жеңістер тілеймін», — деді Томский.

    Станислав Шайдоров көлік табыстау кезінде көзіне жас алды. Қатысушылардың айтуынша, бұл оқиға оның еңбегін мойындаудың және қоғам қолдауының белгісі болды.

    Михаил Шайдоровтың тарихы бұрын қоғамдық талқылауға түскен. Спортшы халықаралық жарыстарда жетістікке жетіп, отбасы жаттығу шығындары туралы жиі айтқан. Бизнес-сектордың қолдауы әлеуметтік желілерде оң пікірлер тудырды.

    inDrive өкілдері акция жеке бастама екенін және спорт пен әлеуметтік жобаларды қолдауды жалғастыратынын мәлімдеді.

    Оқиға қоғамда оң пікірлер туғызды. Әлеуметтік желі қолданушылары мұндай бастамалар өзара көмек пен спортшыларды қолдаудың маңызын көрсететінін жазуда.

  • Михаил Шайдоров спорт министрлігі жалақы деректерін жариялағанына наразы екенін айтты

    Михаил Шайдоров спорт министрлігі жалақы деректерін жариялағанына наразы екенін айтты

    Фигурист Михаил Шайдоров Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігі оның жалақысы туралы ақпаратты жариялағанына наразы екенін мәлімдеді. Tengrinews.kz берген сұхбатында спортшы мұндай деректердің құпия болуы тиіс екенін айтты.

    Шайдоров алтын медаль жеңгеннен кейін мемлекет тарапынан қолдау болмағаны туралы мәлімдемелер жасамағанын жеткізді. Оның айтуынша, 2025 жылы дайындық үшін жақсы жағдай жасалған, бұл қолдауды ол бағалайды. Алайда олимпиадалық цикл ұзақ процесс екенін және тұрақты дайындықты талап ететінін атап өтті.

    Спортшы алған қаражаттың бәрі жаттығулар мен мамандармен жұмысқа жұмсалғанын айтты. Ол мұны жеке пайда табу мүмкіндігі ретінде қарастырмағанын жеткізді. Шайдоровтың пікірінше, жалақы туралы ақпараттың жариялануы «медаль үшін шот ұсынғандай» әсер қалдырады, бұл спорт рухына сәйкес келмейді.

    Дискуссия спортшының жетістігіне кімнің үлесі көбірек екені туралы пікірталастан кейін күшейді. Бұған дейін оның әкесі Станислав Шайдоров баласының жаттығулары үшін көлігін сатуға мәжбүр болғанын айтқан еді. Ал спортшының жаттықтырушысы Алексей Урманов оның кәсіби дамуына үлес қосқан.

    Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігі мәліметінше, 2025 жылы Шайдоров пен оның командасын дайындауға бюджеттен 263 млн теңге бөлінген. Оның 33,9 млн теңгесі спортшының жалақысы болған. Ведомство қаржы спортшылардың халықаралық жарыстарға дайындалуына жағдай жасау үшін бөлінетінін түсіндірді.

    Олимпиададағы жеңістен кейін қоғамда спортшының жетістігіне қатысты түрлі пікірлер айтылды. Біреулер отбасы мен жаттықтырушылардың еңбегін атап өтсе, басқалары мемлекеттік қолдаудың маңызын көрсетті. Шайдоров болса, басты назарды спорттық нәтижелерге аударуға шақырды.

    Сарапшылар спортшылардың табысы туралы ақпаратты жариялау құпиялылық мәселелерін қозғауы мүмкін екенін айтады. Олардың пікірінше, қаржыландырудың ашықтығы маңызды, бірақ жеке деректерді жариялау құқықтарды сақтай отырып жүзеге асуы тиіс. Бұл мәселеге қатысты ресми өзгерістер туралы хабарланған жоқ.

  • Михаил Шайдоровтың алтыны Қазақстанды ТОП-20 қатарына шығарды

    Михаил Шайдоровтың алтыны Қазақстанды ТОП-20 қатарына шығарды

    Қазақстан құрамасы Олимпиада-2026 ойындарының қорытындысы бойынша медаль кестесінде алғашқы жиырмалыққа енді. Ұлттық команда жалпыкомандалық есепте 19-орынды иеленді.

    Қазақстан қоржынында бір алтын медаль бар.

    Олимпиаданың басты жетістігі Михаил Шайдоровтың ерлер арасындағы жеке мәнерлеп сырғанаудағы жеңісі болды.

    Бұл жеңіс Қазақстан үшін қысқы Олимпиада ойындарындағы соңғы 32 жылдағы алғашқы алтын медаль саналады. Сонымен қатар, бұл ел тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан алғашқы алтын жүлде болып отыр.

    Төрт жылдықтың басты додасына әлемнің 94 елінен 2917 спортшы қатысты.

    Жарыстарда спорттың 16 түрі бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

    Қазақстан құрамасының нәтижесі ресми медаль кестесінде тіркелді.

  • Қазақстан құрамасы Boxam Elite турнирінде 12 медаль жеңіп алды

    Қазақстан құрамасы Boxam Elite турнирінде 12 медаль жеңіп алды

    Қазақстанның ерлер құрамасы Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite халықаралық бокс турнирінде табысты өнер көрсетті, деп хабарайды Sona.kz.

    Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құраманың еншісінде 12 медаль бар: 5 алтын, 3 күміс және 4 қола.

    Турнир жеңімпаздары қатарында үш қазақстандық спортшы бар. Алтын медальдарды 50 келіге дейінгі салмақта Санжар Ташкенбай, 85 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай және 90 келіден жоғары салмақта Айбек Оралбай жеңіп алды.

    75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Тимур Нұрсейітов қола жүлдеге ие болды.

    Жарыста елорда спортшылары да Қазақстан құрамасының намысын қорғап, жалпы нәтижеге үлес қосты.

    Boxam Elite турнирі халықаралық деңгейдегі беделді бокс жарыстарының бірі саналады.

    Биыл бұл дәстүрлі турнир 40-рет ұйымдастырылды.

    Жарысқа Қазақстан, Украина және Англия құрамалары сынды мықты командалар қатысты.

  • 2029 жылғы Қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

    2029 жылғы Қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

    2029 жылы өтетін Қысқы Азия ойындары Қазақстанда ұйымдастырылады. Алматы қаласында жарыстарды өткізу жөніндегі келісімге Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) мен Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті қол қойды, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Құжатқа қол қою рәсіміне Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин қатысты.

    Келісім тараптардың 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарын Алматы қаласында ұйымдастыру және өткізу жөніндегі міндеттемелерін айқындайды.

    Айта кетейік, бастапқыда Қысқы Азия ойындарын өткізу құқығы 2022 жылы Сауд Арабиясына берілген болатын.

    Алайда 2026 жылдың қаңтар айында Сауд Арабиясының Олимпиадалық және Паралимпиадалық комитеті мен Азия Олимпиадалық кеңесі бірлескен мәлімдеме жасап, жарыстарды өткізу мерзімі белгісіз уақытқа шегерілетінін хабарлады.

    Бұған спорттық инфрақұрылым құрылысының созылып кетуі себеп болған.

    Осыған байланысты Азия Олимпиадалық кеңесі Қысқы Азия ойындарын өткізу құқығын Қазақстанға беру туралы шешім қабылдады.

    Алматы қаласы бұған дейін халықаралық деңгейдегі бірқатар ірі спорттық жарыстарды қабылдаған тәжірибесі бар қала ретінде негізгі алаң болмақ.

  • Серік Сәпиев пен оның орынбасары қызметінен өз еркімен босатылды

    Серік Сәпиев пен оның орынбасары қызметінен өз еркімен босатылды

    Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов атқарып отырған қызметтерінен босатылды. Бұл туралы облыс әкімдігінде хабарлады.

    Әкімдіктің мәліметінше, аталған лауазымды тұлғалар қызметтен өз еркімен кету туралы өтініш жазған. Кадрлық шешімдер қолданыстағы тәртіпке сәйкес қабылданған.

    Қызметтен босату басқарма ғимаратында болған оқиғадан кейін орын алды. Бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ведомство басшылығының қатысуымен болған жанжал туралы ақпарат тараған.

    Облыс әкімдігінде аталған жағдайдың мән-жайына қатысты түсініктеме берілмей, тек еңбек қатынастарының тоқтатылғаны расталды.

    Серік Сәпиев Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасын 2023 жылдан бері басқарған. Мемлекеттік қызметке дейін ол спорт саласында және қоғамдық қызметте танылған.

    Дәурен Есімханов басқарма басшысының орынбасары ретінде бірқатар бағыттарға жетекшілік еткен.

    Қазіргі уақытта Дене шынықтыру және спорт басқармасының уақытша басшысы кім болатыны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.