Іздеуде жүрген Екатерина Бивол бұрынғы күйеуінің әкесінен соққы алды деп мәлімдеді

Қазақстанда іздеуде жүрген Екатерина Бивол тағы да жанжал ортасында қалды, деп хабарлайды Sona.kz Jagdai-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада, куәгерлердің айтуынша, боксшы Дмитрий Биволдың әкесі оның бұрынғы жұбайына қол жұмсаған. Кейіннен видео өшірілген.

Екатерина соққы алғанын айтып, полицияға арыз түсіргенін жеткізді.

«Қандай ұл — сондай әке. Ол заң алдында жауап береді», — деді ол мәлімдемесінде.

Бұған дейін Қазақстан полициясы Екатерина Биволды іздеуге жариялаған, бірақ істің егжей-тегжейі әлі айтылған жоқ.