Елімізде 1 желтоқсаннан бастап қыста жазғы доңғалақ пайдаланғаны үшін жүргізушілерге 18,4 мың теңге айыппұл салынады, – деп ескертеді Алматы полиция департаменті.
«Қысқы уақыт кезеңінде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы дөңгелектермен жабдықталмаған көліктерді пайдалануға тыйым салынады. Автокөліктің барлық түрлерінде қысқы дөңгелектер болуы тиіс», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-тармағына сәйкес, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарын басқару 5 АЕК (18,4 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Бұзушылық қайталанға жағдайда 20 АЕК (73,8 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады.