2025 жылғы 20 қазаннан бастап жеке тұлғаларға Қазақстан аумағына арнайы техника әкелуге тыйым салынады, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаковтың айтуынша, бұл шектеу нарықтағы ашықтықты қамтамасыз ету және заңсыз импорттың алдын алу мақсатында енгізіліп отыр.
Енді экскаватор, бульдозер, тиегіш және өзге де құрылыс, жол техникасын тек мемлекеттік тіркеуден және сертификаттаудан өткен заңды тұлғалар ғана әкеле алады.
«Бұл шара ішкі нарықты қорғауға және елге әкелінетін техниканың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған», — деді Андаков.









