Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

272 мың еркек, 11 мың әйел баласына алимент төлеуден жалтарып жүр

Тоғжан Төлеген
11 марта, 2025
Қазақстан жаңалықтары
A A
272 мың еркек, 11 мың әйел баласына алимент төлеуден жалтарып жүр

amily figure and gavel on table. Family law concept

WhatsappTelegram

Өткен жылы баласына алимент төлемегені үшін 4,5 мыңнан астам борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты.

– Алимент өндіру бойынша атқарушылық іс жүргізу – Әділет министрлігі тұрақты бақылауда ұстап отырған әлеуметтік маңызы бар мәселелердің бірі. Қазір өндірісте 283 мың атқарушылық іс бар. Оның ішінде борышкер ер адамдар саны 272 мың болса, әйелдер саны 11 мыңнан асады. Ондағы 16 352 іс бойынша берешек 16 млрд теңге, – деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, көп жағдайда борышкерлердің алименті ай сайын жұмыс берушілердің бухгалтериясы арқылы өндіріледі. Сондықтан борышкерлерді жұмысқа орналастыру белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

– 2023 жылы 4 238 адам жұмысқа орналастырылса, бұл көрсеткіш 2024 жылы 6 мыңнан астам адам болды. Өз міндеттерін орындамағаны үшін борышкерлер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мәселен, 2024 жылы 4,5 мыңнан астам борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал ҚК 139-бабы (алимент төлеу міндеттерін орындамау) бойынша 391 адам сотталды. Сондай-ақ борышкерлердің банк шоттарына тыйым салу және уақытша шектеулер сияқты шаралар қолданылады, – деді Талғат Уәли.

Осы ретте ол биылғы ірі көлемдегі өндіріп алулар бойынша бірер мысал келтірді. Мәселен, Астанада алимент төлемей жүрген азаматтың Mercedes-Benz S400 маркалы көлігі 23 млн теңгеге сатылды. Жамбыл облысында борышкер қарызды өтеу үшін 11 млн теңгеден астам тұратын жылжымайтын мүлкін қарызын өтеу үшін берді. Борышкерге қылмыстық іс қозғалды. Ал Алматыда 9 млн теңгеден астам қарызды өтеу үшін 2017 жылғы Hyundai Tucson автокөлігі өндіріп алушыға тапсырылды.

Тегтер: алиментӘділет министрлігіБасты жаңалықтарБасты оқиғаларЕркекТалғат Уәли
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Сыни маңызды объектілердің киберқауіпсіздігіне бақылау функциялары Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді

Сыни маңызды объектілердің киберқауіпсіздігіне бақылау функциялары Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді

Дана Альсеитова
26 декабря, 2025

2025 жылғы 25 желтоқсандағы президент жарлығына сәйкес, сыни маңызды объектілердің киберқауіпсіздігін бақылау функциялары Цифрлық даму министрлігінен Ұлттық...

В Казахстане выпустят новые 500 тенге в «сакском стиле»

Қазақстанда «сақ стиліндегі» жаңа 500 теңгелік банкноттар пайда болады

Дана Альсеитова
26 декабря, 2025

Қазақстанның Ұлттық банкі 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 500 теңгелік жаңа дизайндағы банкноттарды шығара бастайды. Бұл «Сақ...

Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағы берілді

Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағы берілді

Дана Альсеитова
25 декабря, 2025

Қазақстан Президенті Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Бұл шешім батырдың туғанына 115...

Қаңтар айындағы зейнетақы алдын ала төленбейді – Еңбек министрлігі түсініктеме берді

Қаңтар айындағы зейнетақы алдын ала төленбейді – Еңбек министрлігі түсініктеме берді

Дана Альсеитова
25 декабря, 2025

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілерде тараған қаңтар 2026 жылғы зейнетақылардың мерзімінен бұрын төленетіні туралы...

Қатысты жаңалықтар

Алматы тауларында жоғалған туристердің бірі табылды

Алматы тауларында жоғалған туристердің бірі табылды

26 декабря, 2025
Шетел аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысу – қылмыс!

Шетел аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысу – қылмыс!

26 декабря, 2025
Әуежайлар авиаотын бағасын асырып қойғаны үшін айыппұлға тартылды

Әуежайлар авиаотын бағасын асырып қойғаны үшін айыппұлға тартылды

26 декабря, 2025
Аты шулы блогер Айка love сот үкімінен кейін алғаш рет қоғамға үн қатты

Аты шулы блогер Айка love сот үкімінен кейін алғаш рет қоғамға үн қатты

26 декабря, 2025
Зейнеткерлердің атынан несие рәсімдеген әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Зейнеткерлердің атынан несие рәсімдеген әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылды

26 декабря, 2025
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz