Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Билік

Алматы облысы идеология жұмысына қаншалықты көңіл бөледі?

Оқиға болғаннан кейін министр де, әкім де барды. Бірақ тікелей осы іске жауапты тиісті мекемелер соңғы рет қашан төбе көрсетті?

Тоғжан Төлеген
28 октября, 2024
Билік, Қазақстан жаңалықтары
A A
Алматы облысы идеология жұмысына қаншалықты көңіл бөледі?
WhatsappTelegram

Талғардағы оқиға бітеу жараның бетін ашқандай. Бұл жағдай тәрбиелік және идеологиялық жұмыстың ақсап, өз деңгейінде атқарылмай отырғанын айқын көрсетті. Әр өңірде жергілікті мәселелермен айналысуы тиіс мекемелер бар.

Бірақ олар аудан-ауданды, ауыл-ауылды аралап, тұрғындар мен жастардың басын жиі қосып тұра ма? Әлде, есеп үшін жылына бір-екі жиын өткізіп, «бәрі керемет» деп мәлімдей ме? Шын мәнінде, тұрақты түрде кездесулер ұйымдастырылып, пікір алмасу арқылы жұртты мазалаған түйткілдер айқындалмай ма? Дегенмен, кейбір жауаптылардың тек шулы оқиға болғанда ғана қимылдайтыны әдетке айналған.

Талғар оқиғасының мән-жайы

Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты түрлі ақпараттар тарап, арнайы қылмыстық топтардың бар екендігі де айтылды. Бұл туралы еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін білетіні сөз болды. Осыған байланысты Алматы облысы әкімдігі хабардар ма? Мұздай қаруланып жүрген жастардың әрекеті нені білдіреді? Иә, оқиға болғаннан кейін министр де, әкім де барды. Бірақ тікелей осы іске жауапты тиісті мекемелер соңғы рет қашан төбе көрсетті?

Sona.kz тілшісі осы сұрақ бойынша Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Абитов мырзаға хабарласқанымен, ол: «Қазір қолым тимейді. Бұл мәселе бойынша бөлім басшысы хабарласады» деп қысқа қайырды. Ішкі саясат бөлімінің басшысы Сағынай Мұсағитов болса, тек атқарған жұмыстарды баяндап берді.

Ішкі саясат басқармасының мәлімдемесі

«Оқиға болғаннан кейін демалыс күндері сол жерде болдық. Жыл соңына дейін Талғар ауданында түсіндіру жұмыстары бойынша төрт шара өткіземіз. Жыл сайын Ішкі саясат тарапынан жоспар бекітіледі. Онда бұқаралық ақпарат құралдармен жұмыс, этносаралық келісім, саяси тұрақтылық, мемлекеттік рәміздерді дәріптеу сияқты мәселелер қамтылады. Биылдан бастап Жастар басқармасы бөлек мекеме ретінде жұмыс істейді. Әр ауданның өз ерекшелігі бар. Талғар ауданында жастармен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінеді. Себебі бұл аудан Алматыға жақын орналасқан, жастар көп. Биылдыққа осындай қайғылы оқиға алғаш тіркелді, осыған байланысты біраз шенеунік қызметінен босатылды», – деді ол.

Ардагерлер кеңесінің әрекеті 

Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Сапарұлының айтуынша, оқиғадан кейін бірден жергілікті ардагерлерді жинап, кездесу ұйымдастырылды. «Ардагерлер төрағалары халыққа түсінік жұмысын жүргізе бастады. Талғардан бастап, Қарасай, Іле, тағы басқа аудандарды аралап, «Алатау жастары» бірлестігінің көшбасшыларымен кездесу өткізіп, заңға сүйеніп, құқық қорғау органдарының ресми ақпаратына жүгіну қажеттігін айттық», – деді ол.

Кездесулердің жалғасы

«Кездесулер тек қайғылы оқиға болғаннан кейін ғана өткізілді ме?» деген сұраққа Ерболат Сапарұлы: «Біз оқиғаның ертесі-ақ ауданға бардық. Былтыр Қарасай ауданында ардагерлер мен жастардың кездесуі болды. Сол жиында жастардың ұсынысымен «Алатау жастары» бірлестігі құрылды. Әр ауданнан 8 адам тәлімгер ретінде бекітілді. «Алатау ардагері» газетінде жастардың тәрбиесіне қатысты ақпараттар жарияланады», – деп жауап берді.

Қаржыландыру мәселесі

Ардагерлер кеңесіне мұндай шараларды өткізуге бюджеттен қаражат бөлінбей ме деген сұраққа Ерболат Сапарұлы: «Бізге бюджет тарапынан ақша бөлінбейді. Әртүрлі байқауға қатысып, гранттар ұтып аламыз. Кейбір азаматтар қайырымдылық көмек көрсетеді», – деп мәлімдеді.

Қорытынды

Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы мен Ардагерлер кеңесі «Оқиға орнына бардық» дегенді бірнеше рет тілге тиек еткенмен, бұл іс-шараларды нақты дәлелдейтін мәлімет жетіспейді. Бұл – бір. Екіншіден, шын мәнінде Ардагерлер кеңесіне қаржы бөлінбей ме? Мемлекетті сатып алу порталында Ардагерлер кеңесі 2024 жыл бойы өткізетін шараларына, яғни «Іс-шараларға қатысуды қамтамасыз ету үшін қызметтері» лоты бойынша Ішкі саясат басқармасы арқылы 13 млн 500 мың теңге ұтып алған. Ал бізге «бюджеттен ақша бөлінбейді» деген ақсақал Ерболат Тұрымбетов неге өтірік айтты? Ол ол ма, Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Абитов мырзаның «уақытым жоқ» деп жауапкершілікті бөлім басшысына сілтеуі бүкіл ел ішінде дүрбелең туғызған мәселеге бейжай қарағанын көрсетпей ме? Осының өзі Алматы облысында идеологиялық жұмыстың әу бастан дұрыс жүргізілмегенін айқындап тұрған жоқ па?

Тегтер: Алматы облысыАрдагерлер кеңесіБасты жаңалықтарБасты оқиғаларЕрболат СапарұлыЕрболат ТұрымбетовЕрік АбитовІшкі саясат басқармасыТалғардағы оқиғаШерзат Болат
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
️Представлен проект новой Конституции

Жаңа Конституция жобасы ұсынылды

Дана Альсеитова
30 января, 2026

Конституциялық реформа Комиссиясының отырысында жаңа Конституция жобасы Конституциялық соттың төраға орынбасары Бакыт Нұрмұханов тарапынан таныстырылды, деп хабарлайды...

FlyArystan экс-қызметкерлерінен тәркіленетін мүлік белгілі болды

FlyArystan экс-қызметкерлерінен тәркіленетін мүлік белгілі болды

Дана Альсеитова
30 января, 2026

FlyArystan әуекомпаниясының сотталған бұрынғы қызметкерлерінен тәркіленетін мүлік тізімі жарияланды. Сот шешіміне сәйкес, бірнеше автокөлік, жылжымайтын мүлік, қаржы...

МХҚКО емтихан кезіндегі апаттар тіркелген бейнежазбаны жария етті

МХҚКО емтихан кезіндегі апаттар тіркелген бейнежазбаны жария етті

Дана Альсеитова
30 января, 2026

Бейнероликте  МХҚКО автодромдарында түсірілген нақты кадрлар. Шымкентте емтихан тапсырушы маневр жасау кезінде көлікті аударып алды, ал Алматыда...

Токаев выступил на Форуме волонтеров: «Быть добровольцем – значит творить добро и служить Родине»

Тоқаев Еріктілер форумында: «Ерікті болу – жақсылық жасау және Отанға адал қызмет ету»

Дана Альсеитова
30 января, 2026

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілер форумына қатысушыларды құттықтап, олардың қоғамға қосқан үлесін атап өтті, деп хабарлайды Sona.kz...

Қатысты жаңалықтар

️Представлен проект новой Конституции

Жаңа Конституция жобасы ұсынылды

30 января, 2026
Алматыда дүкендегі қарақшылық шабуыл ашылды

Алматыда дүкендегі қарақшылық шабуыл ашылды

30 января, 2026
FlyArystan экс-қызметкерлерінен тәркіленетін мүлік белгілі болды

FlyArystan экс-қызметкерлерінен тәркіленетін мүлік белгілі болды

30 января, 2026
МХҚКО емтихан кезіндегі апаттар тіркелген бейнежазбаны жария етті

МХҚКО емтихан кезіндегі апаттар тіркелген бейнежазбаны жария етті

30 января, 2026
7 мың теңге әр балл: Ақтөбеде мұғалім ҰБТ-дан “табыс тапты”

7 мың теңге әр балл: Ақтөбеде мұғалім ҰБТ-дан “табыс тапты”

30 января, 2026
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz