Алматы облысында әйел 8 айлық сәбиін 1 миллион теңгеге сатпақ болған. Ол сатып алушыларды ғаламтордан іздеген, деп хабарлайды Sona.kz тілшісі Newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.
Арнайы операция кезінде 38 жасар қызылордалық әйел ұсталған. Ол ақшадан қатты қысылғандықтан, сәбиін пұлдамақ болған.
«Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімді сату бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған әйел қамауда отыр. Қазір тергеп-тексеру жүріп жатыр», — деді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Меруерт Маякова.
Полицейлер алғашында ұйымдасқан қылмыстық топ әрекет етуде деп күдіктенген. Әлеуметтік желіде таралған хабардан соң қылмысты жалғыз әйелдің өзі жасағаны анықталған.