Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Қалалық орталық кеден зертханасының басшысы А. Сатыбалдиев пен бас маман Әлібеков Б-ға қатысты үкім шығарды.
Антикор мәліметінше, олар қызметін пайдаланып, бірнеше рет пара алғаны үшін ұсталған. «Олар кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерінен кеден сарапшыларының қорытындыларын жеделдетіп бергені үшін бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сатыбалдиев пен Әлібековке мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды» делінген хабарламада.
Сонымен қатар сот үкімі бойынша, кеден брокерлері Николас В., Казанцева С. және Гаруни С-ға пара бергені үшін айыппұл салынды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.