Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігі департаменті көлік құралдарын заңсыз тіркеу фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Sona.kz АФМ РК-ға сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, үш жыл бойы адамдар тобы СпецЦОН қызметкерлерінің көмегімен көліктерді алғашқы тіркеу алымдарын төлемей-ақ, жалған тіркеуден өткізген. Бұл мақсатта жалған тұлғалар мен құжаттар пайдаланылған.
Нәтижесінде 132 автокөлік заңсыз тіркеліп, мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам залал келген. Тергеу барысында 273 млн теңге ерікті түрде өтелді.
Сот үкімімен үш кінәліге 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Сондай-ақ 7 автокөлік тәркіленді.
Үкім заңды күшіне енді.









