Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қаладағы тұрғын үйлердің бірінде жұмыс істеген күзетшінің өліміне қатысты қылмыстық іс түсті.
Алматы соттарының ақпаратына сүйенсек, күзетшінің өлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5- тармағы (аса қатыгездікпен кісі өлтіру) бойынша қаралады.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға осы жылдың наурыз айының соңында Самал-3 шағын ауданындағы «Меркурий Тауерс» тұрғын үй кешенінде болған. Ер адам күзетшіні көлікпен бірнеше рет соғып, артынша аяусыз ұрып өлтірген.
Баса айта кетерлігі, неге екені белгісіз бұл адамға қатысты іс 2024 жылдың 13 қыркүйегінде тоқтап қалған. Іс 2024 жылдың қазанында қайта жанданды.
Сараптаманың қорытындысы ер адамның психикасы сау екенін көрсеткен.