Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Оқиғалар

Алматыда маска киген топ балтамен жүр: Полиция пікір білдірді

Дана Альсеитова
2 Маусым, 2025
Оқиғалар
A A
Алматыда маска киген топ балтамен жүр: Полиция пікір білдірді

Сурет @almatynews_kaz бейнежазбасынан

WhatsappTelegram

Әлеуметтік желіде Алматыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінен маска киген бірнеше жігіттің шығып келе жатқан видеосы тарады. Біреуінің қолында балтаға ұқсас ауыр зат болған. Видео тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызды. Оқиғаға қатысты Алматы қалалық Полиция департаменті түсініктеме берді.

@almatynews_kaz парақшасында жарияланған видеоларда бір топ жігіт маска киіп, көпқабатты үйдің маңында жүргені көрсетілген. Алғашқы бейнежазбада үш адам кіреберісте тұр, олардың бірінің қолында балтаға ұқсас зат бар. Кейін тағы бірнеше адам кіреберістен шыққан.

Екінші бейнежазба – үй ішіндегі камерадан алынған. Онда сол топ пәтерлер орналасқан жоғарғы қабатқа көтеріліп бара жатыр. Біреуінің қолында қылыш тәрізді зат байқалады.

Жазба авторының айтуынша, бұл жағдай 2 маусым күні таңертең Маметов көшесі, 47-үйде болған. «Бетперде таққан бірнеше ер адам балта және басқа да суық қаруға ұқсас затпен тұрғын үйге кірмек болды. Куәгерлер олар өте агрессивті болып, біреуді іздегендей әрекет етті. Жергілікті тұрғындар учаскелік полицейге шағымданған», – делінген сипаттамада.

Алайда Алматы қаласы Алмалы ауданы полиция басқармасы бұл ақпаратты теріске шығарды.
«Бұл жайт бойынша ешқандай арыз-шағым, ресми хабарлама не шұғыл қоңырау тіркелмеген. Видеоның шынайылығын дәлелдейтін нақты мәліметтер жоқ», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Тегтер: алматыБасты жаңалықтарБасты оқиғалармаска киген топ
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Шымкент: 7 жасар оқушыға қатысты жағдай бойынша мұғалім күдікке ілінді

Шымкент: 7 жасар оқушыға қатысты жағдай бойынша мұғалім күдікке ілінді

Дана Альсеитова
26 Ақпан, 2026

25 ақпанда оқу процесі кезінде 7 жасар оқушыға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер жасалғаны жөнінде арыз түсті. Баланың...

Алматыда 13 жастағы қызға қатысты зорлық ісі: айыптау бабы жеңілдетілді

Алматыда 13 жастағы қызға қатысты зорлық ісі: айыптау бабы жеңілдетілді

Дана Альсеитова
26 Ақпан, 2026

Алматыдағы 13 жастағы қызға қатысты зорлық ісі бойынша процессуалдық өзгеріс болды: бастапқыда іс ауыр баппен сотқа жіберілген,...

Қарағанды облысында Су-30СМ истребителі апатқа ұшырады

Қарағанды облысында Су-30СМ истребителі апатқа ұшырады

Дана Альсеитова
25 Ақпан, 2026

25 ақпанда Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары кезінде Су-30СМ истребителі апатқа ұшырады. Бұл туралы ресми хабарламада айтылды....

Алматыда кәмелетке толмағанға қатысты зорлық ісі сотта қаралуда

Алматыда кәмелетке толмағанға қатысты зорлық ісі сотта қаралуда

Дана Альсеитова
25 Ақпан, 2026

Алматыда кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық жасалды деген іс бойынша тергеу аяқталып, материалдар сотқа жіберілді. Құқық қорғау...

Қатысты жаңалықтар

Шымкент: 7 жасар оқушыға қатысты жағдай бойынша мұғалім күдікке ілінді

Шымкент: 7 жасар оқушыға қатысты жағдай бойынша мұғалім күдікке ілінді

26 Ақпан, 2026
«Оазис» пен «R-Club» ісі сотқа жолданды: 8,2 млрд теңге залал

«Оазис» пен «R-Club» ісі сотқа жолданды: 8,2 млрд теңге залал

26 Ақпан, 2026
Дело по ЖК «Оазис» и «R-Club» на 8,2 млрд тенге передано в суд

Дело по ЖК «Оазис» и «R-Club» на 8,2 млрд тенге передано в суд

26 Ақпан, 2026
Оразалы Ержанов жаңа Конституция жобасы туралы жазбалардан кейін ұсталды

Оразалы Ержанов жаңа Конституция жобасы туралы жазбалардан кейін ұсталды

26 Ақпан, 2026
Тұрғындар қауіпсіздікке алаңдаулы: жеке үйлер маңында бейтаныс адамдар байқалды

Тұрғындар қауіпсіздікке алаңдаулы: жеке үйлер маңында бейтаныс адамдар байқалды

26 Ақпан, 2026
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz