Алматыда АФМ қызметкерлері вейп пен оған арналған сұйықтықтарды заңсыз сатқан топтың әрекетін әшкереледі. Олар тауарды Telegram арқылы таратып, курьер арқылы жеткізген, деп хабарлайды Sona.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Тінту барысында 150 мыңнан астам вейп тәркіленді. Мамандардың есептеуінше, олардың сатылымынан түсуі мүмкін табыс 1 млрд теңгеден асуы ықтимал.
Ең сорақысы – тауардың көп бөлігі мектеп оқушыларына сатылған.
“Көлеңкелі бизнестің ұйымдастырушылары саналы түрде электронды сигареттерді жасөспірімдерге жеткізіп, олардың денсаулығына қауіп төндірді”, – делінген АФМ хабарламасында.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеуге қатысты басқа мәліметтер жария етілмейді.









