Алматыда Наурызбай ауданы полиция басқармасы оқушыға қатысты буллинг фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта барлық мән-жайды жан-жақты, толық және объективті анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, деп хабарлайды Sona.kz KazTAG-қа сілтеме жасап.
Тергеу нәтижесі бойынша жауапты тұлғалардың әрекеттеріне заңдық баға беріледі, ал процессуалдық шаралар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Бұған дейін қалада прокуратура, полиция, денсаулық сақтау басқармасы, психологиялық қолдау орталығы және қоғамдық кеңес өкілдерінің қатысуымен оқушыға қарсы буллинг жағдайын жан-жақты тексеруге арналған кеңейтілген комиссия құрылды.









