«ҚР ТЖМ „Сейсмологиялык зерттеу институты“ ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 25 қарашада Астана уақытымен 23 сағат 45 минутта Жетісу облысында жер сілкінісін тіркеді. Сезілетіндігі туралы мәліметтер нақтылануда», – деп жазды министрлікті баспасөз қызметі.
Жер сілкінісі бір уақытта еліміздің бірнеше қаласында сезілген. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше:
- Алматыда – 2 балл,
- Жаркент қаласында – 4 балл,
- Чунджа ауылында – 3 балл,
- Текеліде – 3 балл,
- Қырғызсай ауылында – 2 балл,
- Қарабұлақ кентінде – 2 балл,
- Жансүгіров ауылында – 2 балл,
- Көкпек ауылында – 2 балл,
- Сарқант қаласында – 2 балл,
- Талдықорған қаласында – 2 балл.