Ақмола облысында полицейлер жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Sona.kz Syrmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 11 желтоқсан күні түнгі бір шамасында Көкшетау – Рузаевка тасжолында ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол көлік соққысының салдарынан көз жұмған. Жүргізушіні және көлікті анықтау үшін «Ұстау» жоспары жарияланды.
Іздестіру барысында полицейлер Көкшетаудағы үйлердің бірінің ауласынан жол-көлік оқиғасына тән зақымдары бар «Газель» автокөлігін тапты. Жүргізуші ұсталды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.









